Қарағанды облысының прокуратурасында «Абай оқулары» байқауы өткізілді

21 октября 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасы жеке құрам арасында Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Абай оқуларын» өткізді.

Байқауға қала, аудан прокуратураларының қызметкерлері қатысты. Байқау 4 номинация бойынша өтті: «Өлең», «Ән», «Бейнеролик» және «Қойылым».

Байқау барысында прокурорлар ұлы ақынның өлеңдерін оқып, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» шығармасынан үзінділер, Абайдың әндерін айтып, шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Байқау нәтижелері бойынша барлық қатысушылар грамоталармен,  алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қарағанды облысының прокуратурасы 

Қарағанды облысының прокуратурасында  «Абай оқулары» байқауы өткізілді  - 1419451436
Қарағанды облысының прокуратурасында  «Абай оқулары» байқауы өткізілді  - 205422249
Қарағанды облысының прокуратурасында  «Абай оқулары» байқауы өткізілді  - 1771533249
Қарағанды облысының прокуратурасында  «Абай оқулары» байқауы өткізілді  - 235543541

Комментарии

Добавить комментарий