Прокурорлар соттталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесті

04 февраля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар соттталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесті  - 159015911

Қарағанды облысының прокуратурасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлермен түзету жүйесі жағдайында бизнесті дамыту мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты – сотталғандар тұлғалардың жұмыс жасауына, жұмыспен қамтылуына жағдай жасау, сонымен қатар, оларға қылмыстарымен келтірілген залалдарын өтеуге мүмкіндік беру. 

Шараға облыс прокуратурасының өкілдері, облыстық уәкілетті органдардың басшылары және 18 бизнес субъектілері қатысты.

Кәсіпкерлерге шаруашылық жүргізу құқығында әрекет ететін «Еңбек» РМК-ның жұмысы таныстырылып, аталған бағытта кәсіпкерлік жүргізудің артықшылықтары түсіндірілді, олардың ішінде өндірістік жайларды жалға тегін беру, сотталғандардың жалақысының аса жоғары болмауы аталды.  

Соңғы екі айда облыстың түзеу мекемелерінің бірінде екі кәсіпорын жұмыс жасай бастағанын және оларда 18 сотталғандар еңбекпен қамтылғанын атап өту қажет. Бұл «ContactTrade» және «UbisOil» ЖШС-тері, біріншісі металлконструкцияларын шығарады, екіншісі ағаш өнімдерін жасайды және тігін өндірісімен айналысады.

Бүгінгі күні өңірде 1,5 мың сотталғандар жұмыспен қамтылған, бұл олардың жұмысқа қабілеттілерінің 76% құрайды.  

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

Прокурорлар соттталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесті  - 918858278
Прокурорлар соттталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесті  - 2008713194

Комментарии

Добавить комментарий