Қарқаралы аудандық прокуратурасымен Қашықтық бейнебақылау жобасы жүзеге асырылуда

19 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясының негізінде Қарқаралы аудандық прокуратурасымен «Қашықтық бейнебақылау» жобасы жүзеге асырылады.

Жоба мақсаты есептелгілерге бақылау жүргізуде жаңа технологияларды еңгізу және пробация қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету.

«Whatsapp» мессенджерінің көмегімен сотталғандардың қылығына жүйелі және үнемі бақылау жүргізу, кез-келген уақытта сотталғаннын орналасқан жерін (видео қоңырау шалу және орналасқан жері жөніндегі хабарлама жіберу арқылы) және шектеулерді сақтауын анықтау мүмкіндігін туғызады.

 Аталған процедура өте ыңғайлы және материалдық шығынды талап етпейді.  Алыс елді мекендерден келу  қажеттілігін туындатпайды (жол қаражаты мен уақыт үнемдейді ).

         Қарқаралы ауданының пробация қызметінде 51 адам есепте тұр, олардың 8-не қашықтық бейнебақылау жүргізіледі (олармен 4 айда тәртіп бұзу жасалмаған)

        Жобаны жүзеге асыру қайталама қылмыс жасау және жаза өтеу тәртібін бұзу фактілерін азайтуға көмектеседі.

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу