Қарқаралы аудандық прокуратурасы азаматтардың мемлекеттік қызмет алуға деген құқықтарын қорғады

22 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Облыс прокуратурасының «90 күн ішінде 10 мейірімді іс» акциясын жүзеге асыру мақсатында Қарқаралы аудандық прокуратурасымен Н.Нұрмақов ауылдық округі тұрғындарының мемлекеттік қызмет алуға деген құқықтары қорғалды.

       Атап айтқанда, Өсібай ауылында азаматтарды қабылдау жүргізу барысында тұрғындар ауылдың аудан орталығынан алыстығынан (110 км), тұрақты көлік қатынасы жоқтығынан және шаруашылықтарын ұзаққа қалдыра алмайтындықтан аудандық ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет алу қиындық туғызатынын айтқан.

       Прокуратурамен аталған сұрақ ауданның ХҚКО басшылығымен бірлесуі арқылы шешіліп, Өсібай ауылы мобильдік ХҚКО-ның ағымдағы жылдың 4 тоқсанындағы жұмыс жоспарына қосылды.

       Осылайша, қазан айынан бастап ауыл тұрғындары айына екі рет аудын орталығына бармай мемлекеттік қызмет ала алады.

                                            

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу