Балалардың қауіпсіздігі – үлкендердің міндеті!

22 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыстарына талдау жасады.   

Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аталған қылмыстар 32%-ға (44-тен 58-ге) артқан, оның ішінде сексуалдық сипаттағы  әрекеттер (8 факт) және жас балаларды азғындық жолға түсіру (13 факт) деректері орын алған.

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Кінәлі тұлғалар анықталды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қылмыстық кодекске балаларға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыстары үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған өзгерістер енгізілгенін естеріңізге саламыз.

Педофилдер, бас бостандықтарынан, еш баламасыз, 20 жылдан бастап өмір бойына айрылады.   

Бүгінгі күні Төтенше жағдай режимі аяқталып, балалардың жазғы демалыстары басталуы уәкілетті органдар мен ата-аналар тарапынан балаларды қорғау шараларын күшейтуді талап етеді.

Алдын алу шарасы ретінде қадағалаушы орган ата-аналар үшін «Балаңыздың қауіпсіздігі Сіздің қолыңызда» атты жадынама әзірледі.

Қарағанды облысының прокуратурасы балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретуге, балалармен сенімге негізделген қатынастар орнатуға, олардың интернет-кеңістігіндегі байланыстарын бақылауға шақырады. 

 Қарағанды облысының прокуратурасы

Балалардың қауіпсіздігі – үлкендердің міндеті! - 666657043
Балалардың қауіпсіздігі – үлкендердің міндеті! - 474998646