Төтенше жағдай кезіндегі қылмыстық жауапкершілік

10 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Коронавирус пандемиясымен байланысты төтенше жағдай енгізілгеннен бастап облыс бойынша 700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Қылмыстық Кодекстің 54-бабының 1-бөлігінің 11-тармағына сәйкес, төтенше жағдай кезінде құқыққа қарсы әрекет жасау қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады.

Ерекше құқықтық режим кезеңінде қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың қоғамдық қауіптілігі артады. Бұл құқық қорғау органдары тарапынан сәйкес әрекет ету шараларын қабылдауды талап етеді.

Мәселен, ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда, сот тиісті баптың санкциясы шеңберінде неғұрлым қатаң жаза, оның ішінде ең жоғары жаза тағайындауға құқылы.

Сонымен қатар, бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан, халық арасында коронавирус пандемиясына қатысты жалған мәліметтердің таратылуы тоқтамауда.

Қылмыстық кодекстің 274-бабында төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылған.

Қазіргі уақытта осындай фактілер бойынша 11 қылмыстық іс тергелуде. Бұл әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ауырған адамдар саны, жекелеген адамдардың, оның ішінде сауда орталықтары қылметкерлерінің ауыруы, елді мекендерді карантинге жабу туралы расталмаған хабарламалар.

Мысалы, "Instagram" мессенджерінде қызметкерлердің жұқтыруына байланысты Қарағанды супермаркеттерінің бірінің жабылуы туралы жалған хабарлама таратылған.

Қарағанды облысының прокуратурасы азаматтарды төтенше жағдай талаптарын сақтауға, құқыққа қарсы әрекетер жасамауға және жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Қарағанды облысының прокуратурасы