Қарағанды облысының прокуратурасында ТЖ жағдайындағы криминогендік жағдай туралы айтты.

07 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өңірді қадағалау ведомствосында төтенше жағдай режимі кезеңінде (16 наурыздан 4 сәуірге дейін) қылмыстың 26% - ға төмендегеніне оң баға берілді.  

Адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, (оның ішінде адам өліміне соқтырған) қылмыстары  екі еседен артық төмендеді.

Пайдакүнемдік-мүліктік бағыттағы құқық бұзушылықтар, атап айтқанда ұрлық және алаяқтық 33% - ға азайды.

Көше қылмыстары, қоғамдық орындарда, сондай-ақ бұзақылық фактілері төмендеді.

Осының барлығы ТЖ жағдайында уәкілетті органдар қабылдаған алдын алу шараларының нәтижелілігін куәландырады.

Ескертулерге қарамастан, жекелеген азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері ТЖ жағдайында талаптар мен шектеулерді бұзуды жалғастырады.

Бүгінгі таңда облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 229 әкімшілік материал қозғалған, оның ішінде 195 іс бойынша 97 айыппұл түріндегі жаза қолданылған, 96 адам қамауға алынған, 2-ескерту жасалған.

Мысалы, Қарағандыда жалдамалы уйде ойын-сауық кешін өткізген тұлға 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Жезқазғанда үй карантині режимін бұзған азаматқа 26 мың теңге айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, мобильдік топтар ТЖ режимін бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, талаптарды орындамайтын тұлғаларға ең қатаң шаралар қолданылатын болады.

Бұдан басқа, жалған ақпарат таратылған әлеуметтік желілер мен мессенджерлер мониторингінің нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органдары 9 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Осылайша, Қарағанды тұрғыны "Facebook" әлеуметтік желісінде "короновирус" жұқтырғандардың бейресми саны туралы жалған ақпарат салып, оларды Октябрь ауданының ауруханаларының біріне орналастыру туралы жалған ақпарат берген.

Тұлға анықталғаны, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қарағанды облысының прокуратурасы құқық тәртібін сақтауға, уәкілетті органдардың талаптарын орындауға, белгіленген тыйым салу және шектеу шараларын орындауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алуға шақырады.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы