Прокурорлар білім беру мекемелерінде заң бұзушылықтар анықтады

06 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокурорлары білім беру мекемелерінде соңғы үш жылда жоғары, жоғарыдан кейінгі білімдері, техникалық және кәсіби білімдері бар мамандарды дайындауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану барысында заңдылық сақталуына тексеріс өткізді.

Тексеріс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс аясында оқытылған адамдардың санын артық көрсету, оқыту барысында қарастырылмаған шығындарды төлеу, сонымен қатар, жоғарыдан кейінгі білім алуға студенттерді қабылдау және оқыту тәртібін сақтамау түріндегі бұзушылықтар айқындалды.

Колледждерде психиатриялық есепте тұрған және кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұғушылық қылмысын жасағаны үшін сотты болған екі оқытушы жұмыс істеп жүргені анықталды.

Студенттерге шәкіртақыны заңсыз төлемеу, бітіріп шыққан студенттердің жұмысқа орналасуына қатысты жалған мәліметтер беру, оқушыларды кәсіби тәжірибеден өткізу талаптарын бұзу деректері орын алған. 

Тексерістердің нәтижелері бойынша мемлекет кірісіне 89 млн. теңгеден астам сома өндіріліп, кінәлі 74 тұлға жауапкершілікке, оның ішінде 1 – қылмыстық жауапкершілікке тартылды, тағы бір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткізіліп жатыр.   

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу