Көкпекті оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

23 сәуiр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасы Көкпектідегі оқыс оқиғаға қатысты журналистер қауымына брифинг өткізді.
Аталмыш жиында мына ақпараттар тілшілерге жарияланды:
ҚР ҚК 316 бабы 2 бөлігі (салақтық) бойынша Көкпекті селолық округі әкімдігінің өкілі Бақытжан Смаилов және ТЖ бөлімнің басшысы Ринат Жантуликовке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ал, ҚР ҚК 232 бабы (міндеттеріне алдал қарамау) «Агрофирма Шаңырақ» ЖШС лауазымды тұлғалары Ерлан Чкалов пен Бахыт Асетовке;
Сонымен қатар, ҚР ҚК 245 бабы 2 бөлігі бойынша, «Табиғат XXI» компаниясының директоры Владимир Крючков пен директордың міндетін атқарушы Михаил Макеевке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу