Теміртауда футболдан жарыс өтті

25 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теміртау қ. прокуратурасы облыс аппараты, Теміртау қ., Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандары прокуратураларының арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.

Іс-шара Тұңғыш Президент Күніне орай өткізілді.

Жарыс нәтижесінде облыстық аппараттың командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы ұтып алды, үшінші орында алаң иелері – Теміртау қ. прокуратурасы.

Белсенді ойындары үшін Октябрь ауданының прокуроры Кошанов Ержан Жұмабекұлы «Үздік шабуылшы», облыс прокуратурасының Кадрларды дамыту тобының жетекшісі Рамбеков Серік Төлеубекұлы «Үздік қорғаушы», Теміртау қ. прокуратурасының прокуроры Мұратов Қажымұрат Серікұлы «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталды.  

Теміртау қ. прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу