Теміртау қаласының прокурорлары экологиялық заңнаманың сақталуын тексерді

27 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теміртау қаласының прокуратурасы «АрселорМитталТемиртау»АҚ қызметінде орын алған экологиялық заңнаманы бұзушылықтардың көптеген деректерін анықтады.

Оның ішінде атмосфералық ауаны ластауға рұқсат берілген көрсеткіштердің нормадан артық болуы, шаруашылық-тұрмыстық қалдық суларды шығару барысында экологиялық талаптарды сақтамау, сонымен қатар қазандықтардың технологиялық жүйелерін пайдалану талаптарын және табиғат пайдалану шарттарын сақтамау.

Нәтижесінде Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті адресіне қадағалау актісі енгізіліп,оны қарау нәтижесі бойынша«АрселорМитталТемиртау»АҚ-ғажалпы 21 млн. теңгеден астам сомадағы айыппұл салынып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды (ӘҚБтК326, 328, 331, 332, 344 баптары бойынша).

Сот шешімімен қатар облыстың Экология департаментінің талап-арызы бойынша кәсіпорыннан 1,4 млрд. теңгеге жуық мемлекет шығыны өндірілді.

        Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу