Теміртау қаласының прокуратурасы қылмыстың алдың алу шаралары бойынша ведомствоаралық жиналыс өткізді.

06 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Теміртау қаласының прокуратурасы қылмыстың алдың алу шаралары бойынша ведомствоаралық жиналыс өткізді.

 

Жартыжылдық қорытындысына сәйкес Теміртау қаласы бойынша ауыр қылмыстар 11,8% (136 ден 152), жеңіл дәрежедегі қылмыстар 18,3% (142 ден 168),ауыр дене жарақаттарын келтіру 113,3% (15 тен 32), оның ішінде өлімге әкеп соққан 100% (4 тен 8), тонау 15,5% (84 тен 97), алаяқтық 83,1% (89 дан 163), зорлау 50% (2 ден 3), ертеректе қылмыс жасағандармен 147,7% (44 тен 109), алкогольдік немесе есірткі заттарын қолданғандармен 17,5% (40 тан 47), үй тұрмыс-жайда жасалған қылмыстар 375% (4 тен 19) дейін өскен.

Осыған байланысты, Теміртау қаласының прокуратурасы қылмыстың жай-күйіне және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу деңгейіне талдау жасады.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша Теміртау қаласының прокуратурасы "Өңірдегі қылмыс жағдайы және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңнаманың сақталуы, сондай-ақ Теміртау қ. ПБ ЖПБ және оның осы саладағы құрылымдық бөлімшелерінің 2018 жылы және 2019 жылдың 6 айында қызметі" тақырыбына қала әкімінің, сондай-ақ полиция басқармасы бастығының және қаланың ЖПҚ басшылығының қатысуымен кеңейтілген ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңес барысында алдын алу мәселелері және оларды шешу жолдары бойынша ЖПҚ қызметіндегі проблемалық мәселелер талқыланды.

Жеке тұлғаларға қарсы, отбасы және тұрмыс, сондай-ақ алкоголь қылмысы саласындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған міндеттер қойылды.

Қаланың ең криминогендік учаскелері анықталып, сол жерлерде бейнебақылау камераларын орнату жоспарланды.

"2016-2020 жылдарға арналған Теміртау қаласын дамыту бағдарламасының" және  қаланың ЖПҚ-нің талдау жұмысының индикаторлары қайта қаралды.

Әкімдік пен полиция органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетігі әзірленді, ол қалада қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілерінің тиімді алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу