Прокурорлардың өтініштерді қарауының жаңа тәртібі туралы.

13 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жыл басынан бері Қарағанды облысының прокуратура органдарына 16 мыңнан астам өтініштер түсті.

Прокурорлар 2 мыңнан астам  азаматтарды жеке қабылдады, олардың 1,7 мыңы прокуратура органдары басшылығының қабылдауында болды. 

Прокуратура органдарына түскен өтініштердің жартысына жуығы немесе 48%(7 765мың)  қылмыстық процестік сотқа дейінгі сатысына, 23%(3 785мың) –әлеуметтік-экономикалық салаға, 8,5%(1 388мың) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерімен келіспеуге қатысты.

Қанағаттандырылған өтініштердің басым көпшілігі немесе 4,8% (486) сотқа дейінгі терген-тексеру органдарының актілеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген.

         Өтініштердің үштен бір бөлігі (6 587) құзырлығы бойынша қарау үшін басқа органдар мен мекемелерге жолданған.

Өз сұрақтарын прокуратура органдарына жолдағанда өтініш берушілер прокурорлардың өтініштерді қарауларына байланысты өткен жылдан бері қолданысқа енгізілген жаңа тәртіпті білмейді.

«Прокуратура туралы» Заңға сәйкес прокурорлар енді өтініштерді тек:

- Президенттің тапсырмасы болғанда;

- экономикаға және қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне, адамның өмірі мен денсаулығына орны толмайтын зардаптар келтірілу қаупі болғанда; 

      - адам өзінің физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғай алмайтын болғанда;

  • адамдар санын анықтау мүмкін емес, шектелмеген адамдар қатарының құқықтарына нұқсан келтірілген жағдайда.

Сонымен қатар, прокурорлар аталған санаттарға жататын өтініштерді мемлекеттік, арнаулы органдардың жұмыстарында заң бұзушылықтар орын алған немесе орын алу қауіпі туындаған жағдайда, сондай-ақ мүдделердің қайшылығы туындаған немесе бақылаушы, қадағалаушы органның шешімі шағымдалған жағдайда ғана қарайды.

Сондықтан, өтініштер аталған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті органға немесе сотқа жүгінулері қажет.

Бұл талаптар оларды қарау тәртібі қылмыстық-процестік, азаматтық-процестік заңнамаларда, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамада, сондай-ақ оперативтік-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласындағы заңнамаларда қарастырылған өтініштерге қолданылмайды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу