Прокурорлар халықты жұмыспен қамту саласындағы бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды облысының прокуратурасында  «Жол картасы-2020» және «2017-2020 ж.ж. жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламаларын жүзеге асыру барысында заңнама талаптарының сақталуына арналған алқа мәжілісі  өткізілді.

Прокурорлық тексерістер нәтижесінде 2016-2017 жылдар мен 2018 жылдың 3 айында жұмысқа жалған қабылдау, тұлғаларды, оның ішінде жұмыссыздарды есепке заңсыз қою, бюджет қаражатын асыра төлеу, зейнеткерлік жарналарды аудармау, шағын несиелерді мақсатсыз пайдалану, бюджет қаражатын қайтаруға шара қолданбау және т.б. заң бұзушылықтар анықталды. 

Мысалы, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының шағын несиелердің жұмсалуына бақылау жүргізбеуінің салдарынан  56 млн. теңгеден астам қаражат мақсаттан тыс пайдаланылған.

Жалпы алғанда, мемлекеттік бағдарлама бағыттарын іске асыру кезіндегі облыс бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 700 млн. теңгеден асқан.

Тексеру нәтижесі сотқа дейінгі 14 тергеп-тексеруді бастауға негіз болды.

Мысалы, Балқаш қаласында жұмыспен қамту орталығының басшысы А.А.Айнекова 2016 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін 4 кәсіпкерлік субъектісімен келісімшарт жасаған, 21 тұлға жұмысқа жалған орналастырылған.

Айнекованың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке 5,9 млн. теңгеге залал келтірілген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жауапкершілікке тартылды. Залал өндірілді.

Бүгінгі күнге 7 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 3 тұлғаға қатысты іс сотта қаралуда, мемлекетке келтірілген 18 млн. теңгеден астам залал өндіріліп, 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершіліке тартылды.

Алқа мәжілісінің қортындысы  бойынша заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған шаралар қабылданды.

 

Қарағанды облысы прокуратурасының

Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу