Прокуратура жұмыссыздарға арналған бюджет қаражаттарын жымқыру деректерін айқындады

18 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы сотының 2018 жылдың 29 желтоқсанындағы үкімімен ауданның Халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры 3,5 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған.

Аудан прокурорлары Орталық қызметіне жүргізген тексеріс барысында әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жалған жұмысқа орналасу жолымен 1 млн. теңгеден астам бюджет қаражаттарын жымқыру деректерін анықтаған.

Нәтижесінде лауазымды тұлғаға қатысты ҚК 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағында (бюджет қаражаттарын лауазымды адам қызмет бабын пайдалануымен жымқырса) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу ісі Жезқазған аймағы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.

Сот Орталықтың экс-директорының кінәсін анықтаған, Орталықтың экс-директоры бұзушылықтар анықталған кезде Ұлытау ауданы Мибұлақ ауылдық округі әкімі лауазымын атқарып отырған. Соңғы кінәні толығымен мойындаған және мемлекетке келтірген залалды өтеген.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу