Қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық.

12 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасы қылмыскерді өзі азаматы болып табылатын елге экстрадициялау бойынша жұмысты жалғастыруда, сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша заңды процестік шешімдердің қабылдануын және қылмыскерлерді жеткізуге жұмсалған мемлекеттік шығындардың өндірілуін қамтамасыз етуде. 

Тек осы жылы қадағалаушы орган Қарағанды облысының аумағында қылмыс жасауда күдікті тұлғаларды беру туралы Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Болгария және Австрияға халықаралық ынтымақтастыққа сәйкес экстрадициялау туралы 7 өтінішхат жіберді.

Сонымен қатар, Австрияға өтінішхат өзара келісім принципі негізінде жолданды, өйткені аталған мемлекет пен Қазақстан арасында ынтымақтастық туралы келісім жоқ.

  Бүгінгі күні шет мемлекеттердің орталық органдары бір тұлғаны ресми түрде берген, ол соттың үкімімен кінәлі деп танылды және сотталды, қалған өтінішхаттар қаралу сатысында.

Бұрын жолданған өтінішхаттардың ішінде шетелдік  мемлекеттер оларға қатысты экстрадициялау туралы талап 2018 жылға дейін жолданған 9 адамды берген,  2 адам Чехия мен Грекиядан өзара қарым-қатынас принципі бойынша берілген.

Қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес мемлекеттің күдіктілерді экстрадициялауға жұмсаған шығындары сот шығындары болып табылады және кінәлі тұлғадан өндіріледі.

Мысалы, ағымдағы жылы оларға қатысты сот шешімдері қабылданған 2 тұлғадан мемлекет кірісіне 2,5 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді. Басқа тұлғалар бойынша алдын ала тергеп-тексеру және сот талқылауы жүргізілуде.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу