Кеншілер қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының прокуратура қызметкерлерімен кездесуі өтті

06 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қарағанды облысы прокуратурасының ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы мен Қожахметов Арман Төлешұлының облыстың прокуратура органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті. 

Іс-шараға «NurOtan» партиясының Қарағанды қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Юлия Бадина қатысты.

Кездесу барысында облыс прокуроры Марат Сексембаев депутаттарға облыс прокуратурасының 2019 жылғы жұмысының нәтижелері және аймақта құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы  баяндады.

Содан кейін депутаттар заңнамаға ұсынылған жаңа бастамалар мен қабылданған өзгерістер туралы бөлісті. Прокурорлар, өз кезегінде, күнделікті жұмыста кездесетін қиындықтарды сипаттап, жекелеген заң нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын енгізді.

Қарағанды облысының прокуратурасы

Кеншілер қаласында Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі депутаттарының прокуратура қызметкерлерімен кездесуі өтті   - 947198850
Кеншілер қаласында Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі депутаттарының прокуратура қызметкерлерімен кездесуі өтті   - 1799527443