«Қазақмыс Корпорациясының» кеңсесінде 2020 жылғы 21 қаңтарда орын алған оқиғаларға қатысты

24 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдығы жылғы 21 қаңтарда  «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның ғимаратында «Қазақмыс Корпорациясы» кен-байыту комбинатының бас директоры А.М.Минигуловтың жұмыс бөлмесінде соңғының және «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Т.А.Тажбеновтің арасында дау-жанжал орын алған.

Корпорация қызметкерлері аталған жерге жедел жәрдем және полиция органдарын шақырған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері Т.А.Тажбеновтің мәйітін және пышақ жарақаттарын алған А.М.Минигулов пен С.А.Тембаевты («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бөлім бастығы) анықтаған. Соңғыларға қажетті медициналық көмек көрсетілген. 

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі  2 тергеп-тексеру жұмысы басталды. Біріншісі - өлтіруге оқталуға байланысты, екіншісі - өзін өзі өлтіруге жеткізуге байланысты.

Бастапқы тергеу амалдары барысында Т.А.Тажбеновтің «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бас директорының кабинетіне тегіс ұңғылы мылтық (Т.А.Тажбеновтің атына тіркелген)  алып кіріп, бір рет оқ атқаны, ол оқ ешкімге тимегені анықталған. Т.А.Тажбеновтің мылтық алып кіргені бейнебақылау камераларының жазбаларымен, сонымен қатар оқиға орнынан және оның өзінен табылған заттай айғақтармен айқындалған.

Оқ атылғаннан кейін, куәлардың айтуынша, жанжалдасушылар А.М.Минигулов, С.А.Тембаев және Т..А.Тажбенов пышақ жарақаттарын алған.

Т.А.Тажбенов өлімі фактісі бойынша тергеу органдары оны өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу жөніндегі 2 болжамды тексеруде.

А.М.Минигулов пен С.А.Тембаевтың пышақ жарақаттарын алу фактісі бойынша да өлтіруге оқталу болжамы тергелуде.

Қазіргі уақытта полиция органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде, сот сараптамалары тағайындалды, заттай айғақтар мен бейнекамералардың жазбалары зерттелуде.

Қайтыс болған Т.А.Тажбеновтің өкілдеріне тергеу органы олардың жәбірленуші ретіндегі құқықтарын, оның ішінде тергеу барысымен және тиісті материалдармен танысу құқығын түсіндірді.

Бүгінгі күні тергеу бастапқы сатыда болғандықтан, кім, кімге, қалай және қандай затпен дене жарақаттарын келтіргені туралы түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте екенін айта кету қажет. Оқиғаға қатысушылардың әрқайсысының ролі кешенді жедел-тергеу іс-шараларынан кейін және сарапшылар қорытындыларының негізінде айқындалады.     

Осыған байланысты, тұрғындардан ресми ақпаратты басшылыққа алуды, дәлелденбеген ақпаратты таратуға жол бермеуді сұраймыз.

Қылмыстық істің тергелу барысы Қарағанды облысы прокурорының және облыстық Полиция департаменті басшысының бақылауына алынды.

 Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу