

Қадағалау органы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар тарапынан қайталама қылмыс жасалу деректерінің өсу себептеріне талдау өткізіп, қылмыстардың 80%-ға жуығын есепте тұрған жұмыссыз тұлғалар жасайтынын анықтады.
Орын алған жағдайды түзеп, сотталғандарды әлеуметтендіру мақсатында, прокурорлар пробация қызметтерінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Акция аясында есепте тұрған тұлғалар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, неғұрлым қажетті мамандықтар туралы біліп, жұмысқа орналасу мүмкіндігін бойынша ақпараттар алды.
Мысалы, Теміртау қ. пробация қызметінде тұрған үш тұлға жұмыс берушімен кездескеннен кейін «Строй-Альянс НС» ЖШС-не ай сайынғы жалақылары 70 мың теңгеқұрайтын құрылыс жұмыстарын жүргізетін жұмыскерлер ретінде қабылданды,
Бүгінгі күні 36 адам жұмысқа орналастырылып, 10 адам түрлі мамандықтар бойынша кәсіби оқыту курстарына қатысып жүр.
Сотталғандарды әлеуметтендіру жұмыстары жалғасуда.
Қарағанды облысы прокуратурасының
Баспасөз қызметі
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу