Қарағандыда жұмыссыз борышкерлерді және есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастырады

22 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың 22-қарашасында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ алаңында алименттер төлеуге қаражаттары жоқ жұмыссыз борышкерлер мен есепте тұрған тұлғалар арасында бос орындар жәрмеңкесін өткізді. 

Іс-шараның мақсаты – алименттер бойынша борышкерлерді және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру жолымен кәмелетке толмаған балалардың оларды ұстап-бағуға қаражат төленуі бойынша құқықтарын қорғау және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

 Шараны қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және пробация қызметі бірлесіп ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге ұйымдастырушылардың бастамасын қолдаған бизнес субъектілері қатысты.

Акция аясында жұмыссыздарға бос орындар туралы ақпарат ұсынылды, жұмыс таңдауда көмек көрсетілді және тегін кеңестер берілді.   

Прокурорлардың айтуынша, бүгінгі күні ауданда олар бойынша қарыз сомасы 160 млн. теңгеден асатын 8 мыңнан астам орындаушылық құжаттар бар.

Іс-шара алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге және есепте тұрған тұлғаларды жұмыспен қамтуға бағытталған.  

Жыл басынан бері 14 тұлға жұмысқа орналастырылды.

 Сонымен қатар, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын түсіндіреді.

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы

Қарағандыда жұмыссыз борышкерлерді және есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастырады  - 306875210
Қарағандыда жұмыссыз борышкерлерді және есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастырады  - 1383295337
Қарағандыда жұмыссыз борышкерлерді және есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастырады  - 1832513208
Қарағандыда жұмыссыз борышкерлерді және есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастырады  - 135391430
Қарағандыда жұмыссыз борышкерлерді және есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастырады  - 1057448272

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу