Қарағандыда Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

09 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысында Үйлестіру кеңесінің террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған отырысы өткізілді.

Кеңестің жұмысына прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік департаментінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің, Экономикалық тергеулер қызметінің, Полиция департаментінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

 Кеңесте терроризмге және экстремизмге қарсы күрес, құқық қорғау, арнайы және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы, сонымен қатар деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің нәтижелері бойынша қиындық тудыратын мәселелерді шешуге бағытталған кеңестер беріліп,  оларды шешу жолдары пысықталды.

Қарағанды облысының прокуратурасы