Қарағандыда Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

04 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасында 2017-2018 жж. және 2019 жылдың өткен кезеңінде Жол қозғалысы ережелерінің сақталуы және еңбек мигранттары тарапынан көші-қон заңнамасы талаптарының сақталуы мәселелеріне арналған Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға құқыққорғау, жергілікті атқарушы органдардың және басқа мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Бірінші мәселені талқылау барысында Үйлестіру кеңесінің төрағасы -облыс прокурорыМарат Сексембаев Мемлекет Басшысы мас күйде, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды тұтыну жағдайында автокөлік басқарған тұлғаларға қатысты жазаны бас бостандығынан айыру шарасына дейін қатаңдатуды тапсырғанын атап өтті. 

Статистика соңғы 3 жылда облыс бойынша 1 600 астам жол-көлік оқиғалары орын алғанын көрсетіп отыр. 400-ден астам адам қаза болған,  2 000-ға жуығы түрлі жарақаттар алған. Ағымдағы жылы жол-көлік оқиғаларының саны  2,7%-ға (328-ден 337-ге)өсіп отыр.

Кеңес отырысында жолдардағы қайғылы оқиғалардың негізгі кінәсі тек жүргізушілерде ғана емес екені атап өтілді.  Жолдардағы қауіпсіздік деңгейі  көліктердің техникалық жағдайы, жолдардың жай-күйі, қозғалысты ұйымдастыру деңгейі, жол қозғалысына қатысушылардың мінез-құлқы, оның ішінде жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, мас күйінде басқару және т. б. факторлар кешеніне байланысты.

Талқылау қорытындысы бойынша Полиция департаментіне облыс әкімдігі алдында жол-көлік оқиғасы орын алу қаупі жоғары жол учаскелерінде қосымша жол белгілерін, бағдаршамдар мен жылдамдық өлшегіштерді орнату үшін қаражат бөлу туралы мәселеге бастамашылық жасау және Ішкі істер министрлігін апат деңгейі жоғары жолдардың электрондық картасын әзірлеуге бағыттау  жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде LED-экрандарды пайдалана отырып, қозғалыс ережелерін бұзуға жол бермеуге бағытталған үгіт роликтер көрсету ұсынылды.

Екінші мәселе бойынша прокуратура Мемлекет Басшысы шетелдік азаматтарды көші-қон қызметі органдарында міндетті тіркеуді алып тастауды тапсырғанын еске салды. Шекаралық бақылаудан өту фактісі көші-қондық тіркеу болып табылады.

Соңғы 3 жылда облыс бойынша 150 мыңнан астам жұмыс иммигранттары тіркелген. Негізгі ағын Өзбекстан, Ресей және Қырғызстаннан келген.

2 жыл ішінде (2017-2018 жылдар) иммигранттар 200-ден астам қылмыс жасап, 10 мыңнан астам рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарына назар аудартылды.

Мысалы, ағымдағы жылы Қарағандыда үй салу кезінде Өзбекстанның 14 азаматының газбен улану фактісі орын алған. Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері олардың заңсыз келгенін анықтап, барлық иммигранттар жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды.

Прокурорлық тексеру барысында 31 "кезекші мекен-жай" анықталған, олар бойынша соңғы 3 айда 316 иммигрант тіркелген.

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу