Қарағандыда қылмыскерлерді және хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру мәселелеріне қатысты алқа отырысы өткізілді

24 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағандыда қылмыскерлерді және хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру мәселелеріне қатысты алқа отырысы өткізілді

 

2019 жылдың 23-шілдесінде Қарағанды облысының прокуратурасындақылмыскерлерді және хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіруге бағытталған шаралардың заңдылығы мен тиімділігі мәселелеріне қатысты алқа отырысы өтті.

Қадағалау органы мен полицияның бірлескен жұмыстарының нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу кезінде және сот барысында іздеуге жарияланған тұлғалардың саны 52% (237-ден 113-ке) азайғаны атап өтілді.

97 күдікті тұлғалар анықталып, ұсталған, олардың 26 – халықаралық іздеуде болған адамдар.

Адам өлтіруде, салық төлеуден жалтаруда, ірі көлемде алаяқтық жасауда күдікті 4 тұлға Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан Қазақстанға экстрадициялау тәртібінде жеткізілді.

Мысалы, 2019 жылдың 7-мамырында қарағандылық полиция қызметкерлері Ресей Федерациясының Липецк қаласынан 2011 жылдың тамыз айында адам өлтіруде күдікті ретінде іздеуде болған Геннадий Кнольді экстрадициялады.

Хабар-ошарсыз кетті деп саналған 86 азаматтың 71 (83%)  табылды.

Полиция Департаменті басшылығымен бірге осы жұмысты ұйымдастыруда орын алған кемшіліктер, атап айтқанда іздеу істерін уақтылы бастамау, қылмыскерлерді халықаралық іздеуге уақтылы жарияламау, іздеуге жарияланған тұлғаларды анықтауға бағытталған шараларды ұзақ уақыт бойы қабылдамау деректері де талқыланды. 

Алқа нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындалып, күдікті адамадарды және хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздеуді жандандыру бойншы тапсырмалар берілді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу