Қарағанды прокурорлары алаяқтықтың алдын алу жөнінде брифинг өткізді

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қарағанды облысының прокуратурасы Аймақтық коммуникация қызметі алаңында алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша брифинг ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға Қарағанды облысының Полиция департаменті мен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ облыстық филиалының өкілдері қатысты.

Алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты Қарағанды прокурорлары мен полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне сәйкес 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін өңірде алаяқтықтың 17% - ға (2222-ден 1989-ға дейін) төмендеген , алайда 2018 жылы олардың саны 7,2% - ға (1854-тен 1989-ға дейін), 2019 жылдың 8 айында 6% - ға (1437-тен 1522-ге дейін) өскен.

2019 жылдың 8 айында алаяқтықтан болған жалпы материалдық шығын шамамен 1,5 млрд.теңгені құрады, оның тек 36% - ы (549 млн. теңге) өтелді.

Банкілік несие карталары, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жарнамалық сайттар арқылы зиянкестер сенім білдірген азаматтарды адастырып, қорқытып немесе алдау жолымен өз еркімен ақша аударуға мәжбүрлейтін  алаяқтыққа назар аударылды.

Спикерлер сондай-ақ алаяқтықтың әр түрлі әдістері мен тәсілдері туралы айтып, жеке мүлікті жоғалтудан қалай сақтану керектігін түсіндірді, азаматтарды сақ болуға шақырды.

                       

Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды прокурорлары алаяқтықтың алдын алу жөнінде брифинг өткізді - 347472865
Қарағанды прокурорлары алаяқтықтың алдын алу жөнінде брифинг өткізді - 2057120185

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу