Қарағанды облысының прокуроры қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

06 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қарағанды экономикалық университетінің Студенттер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының прокуратура органдары күнін атап өтуге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға облыстық және оған жақын орналасқан аудандардың  жеке құрамдары, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, облыс прокуроры Марат Сексембаев барлық қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға денсаулық, бақ-береке және лауазымдарының өсуін тіледі. Сондай-ақ, прокуратура органдарының еңбек сіңірген ардагерлері де құттықтау сөз сөйледі.

Салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және облыс прокурорының ведомстволық наградаларымен прокуратура қызметкерлерін марапаттау шарасы өткізілді.

Жеке құрамның күшімен " КТА " ойынын өткізу ұйымдастырылды.

"КТА" жеңімпаздары Қылмыстық қудалау басқармасының командасы болды, екінші орын Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасына берілді және Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы қола жүлдеге ие болды.

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу