Қарағанды облысының прокуроры қылмыстық-атқару мекемелеріне барды

15 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуроры сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының қылмыстық-атқару мекемелеріне барып қайтты.

Прокурор Шахтинск қаласы және Абай аудандарындағы 7 түзету мекемесін аралады.

Сапар барысында сотталғандармен жеке кездесу өткізіліп,  медициналық көмек, тұрмыс жағдайы, тамақтандыру сапасы сөз болды.

Көптеген өтініштер қылмыстық қудалау органдарының және соттардың шешімдерімен келіспеумен байланысты екені анықталды.

Қабылданған 9 өтінішхат бойынша прокурор сотталғандардың уәждерін тексеру жөнінде тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, облыс прокуроры  тұрғын-жайларды, дәрігерлік-санитарлық бөлімді және тәртіптік изоляторларды аралап көрді. 

Соңғы 2 жыл ішінде сотталғандарды еңбекпен қамтуға көп көңіл бөлініп жатқандықтан, прокурор мекеме ішіндегі өндірістік цехтардың жұмысымен танысты.

        Бүгінгі күнде, облыстағы   4243 жазасын өтеушінің   1108-і  «Еңбек-Қарағанды» Республикалық мемлекеттік мекемесінде  жұмыспен қамтылған. Жалпы,  тәртіптік түзеу мекемелерінде өнеркәсіптік тауарлар мен азық-түлік шығаратын 34 кәсіптік бөлімше құрылған.

       

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу