Қарағанды облысының прокуратурасында браконьерлікке қарсы қолданылып жатқан шаралар талқыланды

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысы әкімдігінің алаңында браконьерлікке қарсы күрес  саласында заңдылық сақталу мәселелері, сонымен қатар балық аулау және балық ресурстары айналымының жағдайына қатысты кеңес өткізілді. 

Іс-шараға облыстың құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының басшылары және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Өңірде соңғы уақытта сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау деректері жиілеп кеткені атап өтілді.

Уәкілетті органдардың жұмысында кешенді шаралар қолданылу қажеттілігіне назар аударылып, олардың тиісті түрде материалдық-техникалық қамтамасыз етілу сұрақтары талқыланды. 

Балық ресурстарын аулау саласындағы браконьерлік фактілерінің жолын кесу және балық аулауға рұқсат беру құжаттарының тиісті түрде есепке алынбау сұрағы көтерілді. 

Табиғат қорғау инспекторларының қорғалуын қамтамасыз ету және олардың құқықтық мәртебесін бекіту мәселесі жеке қаралды.

Орын алған жағдайды түзетуге бағытталған бірқатар ұсыныстар дайындалды.

Кеңес нәтижелері бойынша жұмыс тобын құру және бірлесе өткізілетін іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу