Қарағанды облысының прокуратурасы мерекелік күндерге орай спартакиада өткізді

06 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасында қызметкерлер арасында шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, қолкүрес және арқан тарту бойынша  жарыстар өтті.

Спорттық іс-шара Тұңғыш Президент, Тәуелсіздік және прокуратура органдарының құрылу күндері мерекелеріне орай ұйымдастырылды. 

Жарыстарды ашу салтанатында облыс прокуроры командаларға және қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Прокурорларды қолдауға Қарағанды Экономикалық университетінің ректоры  - қоғамдық кеңестің төрағасы және прокуратура органдарының ардагерлері келді. 

Прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы спорттық іс-шаралар дәстүрге айналғанын атап өту қажет. Осындай шаралар командалық рухты көтеріп, ұжымды біріктіреді.

Жарыс нәтижелері бойынша барлық қатысушыларға медальдар, кубоктар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу