Қарағанды облысының прокуратурасы коммуналдық қызметтер тарифтерінің төмендетілуіне ықпал етті.

08 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасы 6 монополистің тарифтерді қалыптастыру барысында 1,1 млрд. теңге сомасына бұзушылықтарға жол бергенін анықтады.

Қадағалау актісі бойынша қадағалаушы орган Гкал. үшін «Қарағанды өңірлік энергетикалық компаниясы» ЖШС-не қатысты 4,08 теңге кВт/сағ, «Жезқазған электржелісін таратушы компаниясы» АҚ-на қатысты 2,95 теңге кВт/сағ, «Қазақстан» фирмасы ЖШС-не қатысты 2,62 теңге кВт/сағ, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-не қатысты - 2 123,94 теңге кВТ/сағ. өтемақы тарифтерін белгіледі.

Қарағанды және Балқаш қалаларында жылумен қамтамасыз ету бойынша орташа тарифтер 25 теңгеге төмендетілді.

«Қарағанды ЖылуСбыт» ЖШС-нің электрқуатымен қамтамасыз ету қызметтері үшін орташа бағасы  кВт/сағ. 14,27 теңгеден 14,12 теңгеге төмендетілді. 

Прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде облыстың  462 мыңнан астам тұтынушыларының құқықтары қорғалды.

Монополистер 42 млн. теңгеден астам сома  құрайтынәкімшілік айыппұлдар төледі.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу