Қарағанды облысының прокуратурасы 2019 жылғы жұмыс нәтижелерін қорытындылады

27 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін өңірдің қадағалау органында 2019 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, алдағы кезеңдегі мақсаттар айқындалған алқа отырысы өтті.

Отырыста өңірдің криминогендік жағдайы жақсарғаны атап өтілді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар 23%-ға, адам өлтіру қылмыстары  14%-ға,  бұзақылық 33%-ға, тонау мен ұрлықтар 26%-ға, қарақшылық шабуылдар - 12%-ға азайған.  

Прокурорлық қадағалау актілерімен мемлекет кірісіне 1,9 млрд теңге қаражат және 2 млрд теңге сомасына мүлік қайтарылды.

Мемлекеттік қорға жалпы құны 10 млрд теңгеден асатын пайдаланылмайтын 538 жер учаскелері қайтарылған.

196 жасырылған өнідірістік жарақаттар айқындалды (2015-2019 жж.), қадағалау актісінің негізінде арнайы тергеулер басталды.

Сумен, газбен қамтамасыз ету қызметтеріне 1,9 млрд теңге сомасына өтемақы тарифтері енгізілді. Монополистер бюджетке 15,7 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұлдар төледі.  

3,3 мыңнан астам мүгедектер мен олардың жеке көмекшілерінің құқықтары қорғалды. 

157 жұмыскерге жалақы бойынша 60 млн теңгеден астам сома құрайтын берешектердің  төленуі қамтамасыз етілді. 

408 млн теңгеден астам сома құрайтын жалған жалақыны өндіру туралы 49 сот актілері мен атқарушылық жазбалардың күші жойылды.  

Алименттер бойынша берешектер 2,5 есе азайтылды (950 млн.-нан 360 млн. теңгеге)

Азаматтық істерге қатысу барысында прокурорлар 700 млн теңге сомасындағы мемлекет мүдделерін қорғады.

Қылмыстық іс жүргізу бағытында прокурорлар 47 азаматты тергеу изоляторынан және қызметтік бөлмелерден босатты.

2,8 мыңнан астам қылмыстық істер «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында электрондық нысанда тергелді.

Апелляциялық сатыдағы сотта 68 азаматтардың құқықтары қорғалды.

Құқық қорғау қызметтері орталығында 2 мыңға жуық азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Алқа отырысының нәтижелері бойынша өңірде заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу