Қарағанды облысының прокуратурасы 2019 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады

22 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасы 2019 жылдың

1-жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады

 

Өңірдің қадағалаушы органының алқа отырысында 2019 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, алдағы кезеңдегі мақсаттар айқындалды.

Алқада қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокурорлардың басты назары мемлекеттің, әлеуметтік тұрғыдан осал адамдардың мүдделерін, еңбек, жер қатынастарын қорғауға, сонымен қатар бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуы мен тарифтік саясатқа аударылатыны атап өтілді.

Прокурорлық қадағалау актілерімен бюджетке 1,5 млрд. теңге қаржы 1,7 млрд. теңгеге мүлік қайтарылған.

Мемлекет қорына құны 1,7 млрд.теңге құрайтын, пайдаланылмай жатқан 450 жер учаскелері қайтарылған.

Атмосфералық ауаны қорғау саласында экологияға келтірілген зиян үшін «АрселорМитталТеміртау»  АҚ-нан 1,3 млрд. теңгеден астам сома өндірілуіне және кәсіпорынды әкімшілік жауапкершілікке тартып, одан жалпы сомасы 21 млн. теңге айыппұлдар өндірілуіне қол жеткізілген.

Тұрғындарды тоқпен, жылумен, сумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге 1,6 млрд. теңге сомасында өтемдік тарифтер енгізілген. Монополистер 15,7 млн. теңге сомасында әкімшілік айыппұлдар төлеуге мәжбүр болған.

Әлеуметтік көмек көрсету барысында мүгедектердің және олардың көмекшілерінің құқықтары бұзылғаны, сонымен қатар әлеуметтік қызметтерге бөлінген бюджет қаражаттарының мақсаттан тыс пайдаланылғаны анықталып, 160 млн. теңге бюджет қаражаттары қайтарылған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2,7 мың мүгедектердің және олардың жеке көмекшілерінің құқықтары қорғалған.

Қылмыстық іс жүргізу бағытында  азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректері 26% азайған (19-дан 14). Прокурорлар 15 азаматты Тергеу изоляторынан босатқан.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында электронды сот ісін жүргізу жобасы іске асырылуда. Қылмыстық қудалау органдары 1,5 мыңнан астам қылмыстық істерді электронды нысанды тергеген.

Істерді апелляциялық сатыда қарау барысында 45 азаматтың құқықтары қорғалған.

Қылмыстар үшін айыппұлдарды өндіру тиімділігі 80%- 52 млн. теңге құраған.

Құқық қорғау қызметтері Орталығында 800 астам азаматтарға құқықтық көмек көрсетілген. 

Алқа нәтижелері бойынша өңірде заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу