Қарағанды облысының прокуратурасы 2018 жылғы жұмыс нәтижелерін қорытындылады

24 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қарағанды облысының прокуратурасында 2018 жылғы жұмыс нәтижелерін қорытындылау және алдағы кезеңдегі міндеттерді айқындау бойынша алқа отырысы өткізілді.

Отырыста өткен жылы қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокурорлардың назары еңбек, жер қатынастары, жұмыспен қамту, білім беру және тариф қалыптастыру саясаттарына аударылғаны атап өтілді.

 Қадағалау актілері бойынша бюджетке 1 млрд. теңге сомасындағы қаражат және 520 млн. теңге сомасындағы мүлік өндірілген.

Құны 508 млн. теңге сомасын құрайтын 80 жер учаскелері мемлекет қорына қайтарылған.

Тұрғындарды электр қуатымен, жылумен, сумен қамтамасыз ету тарифтері 3,2 млрд. теңге сомасына төмендетіліп, монополистер бюджетке 51 млн. теңгеден астам айыппұлдар төлеуге мәжбүр болған.

Апелляциялық өтінішхаттар мен кассациялық наразылық енгізу туралы ұсынулар бойынша мемлекеттің 1,4 млрд. теңге сомасына шығынға ұшырауына жол берілмеген. 

Заңсыз заңдастырылып алынған 6 стратегиялық объектілер прокурордың талап-арызы бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Қылмыстық іс жүргізу саласы бойынша: ұсталғандардың саны 2 есе азайып (1359-дан 601-ге), прокурорлар тергеу изоляторынан шығарған тұлғалар саны екі есеге артқан (24-тен 44-ке).

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында облыс аумағында электрондық сот ісін жүргізу жобасы енгізіліп, 400-ден астам қылмыстық істер жаңа нысанда тергелген.

Істерді апелляциялық сатыда қарау барысында 59 азаматтардың құқықтары қорғалған.

Қылмыстық айыппұлдар төлеу 11%-ға (87-ден 97-ге) артып,  46 млн. теңге құраған.

Пробация қызметтері 3 мыңға жуық сотталғандарға жұмысқа орналасуға көмек көрсеткен.

Құқық қорғау қызметтері Орталығында 1,5 мыңнан астам азаматтарға құқықтық көмек көрсетілген.

Алқа отырысының нәтижелері бойынша өңірде заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі де қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалар мен кеңестер берілді.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу