Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту саны өсуде.

31 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертулерге қарамастан, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері төтенше жағдай кезінде талаптар мен шектеулерді  бұзу фактілері орын алуда.

Бүгінгі таңда облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 163 әкімшілік материал қозғалған, оның ішінде 130 іс бойынша 67 айыппұл түріндегі жаза қолданылған, 62 тұлға қамауға алынған, 1ескерту жасалған.

Атап айтқанда, "Волна" дүкенінің (Қарағанды қ.) сатушысы жұмыс орнында маскасыз болғаны үшін объектінің иесі 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, Жезқазғанда дезинфекциялық кілемнің болмауы фактісі бойынша "Sulpak" дүкені филиалының директоры 2 тәулікке қамауға алынды.

Барлық мүдделі органдардың ішінен құрылған мобильді топтар ТЖ режимін бұзу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыратын болады, талаптарды бұзған тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады.

Кәсіпкерлерді және азаматтарды барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға және ТЖ режимін сақтауға тағы да шақырамыз.

Қарағанды облысының прокуратурасы