Қарағанды облысында ашық көшпелі процесс өтті.

30 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қарағанды облысында ашық көшпелі процесс өтті.  - 491170763

Ағымдағы жылдың мамыр айының 30 күні прокуратураның бастамасымен Қарағанды облысындағы  қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде өтініш бойынша сотталғандардың жаза түрін жеңілдетуге  және шартты түрде босатуға орай көшпелі сот процессі өткізілді.

Абай аудандық сотының  төрағалық етуімен  облыс прокурорының орынбасары қатысқан процессте сотталғандардың 8 өтініші қаралып оның 6 –ы қанағаттандырылды.   

Өтініштерді қанағаттандыруда сотталғандардың  келтірген шығынды еңбекпен өтеуі, әлеуметтік байланыстарды қолдап, жаза өтеу мерзімінде тәртіп бұзушылық жасамауы   негізге алынды. 

Ашық сот процессі сотталғандардың әділ заңға қол жеткізуіне, сот отырыстарының ашықтығын, жазасын өтеушілерді түзелуге ынталандыру , заңға бағынатын мінез қалыптастырып, еңбекке жігерлендіру болып табылады.  

Олар сонымен қатар ынталандыру көрсеткішінің 17% артуына өз үлесін қосты  (207 ден  243 дейін)және соттың жазасын өтеушілердің өтінішін қанағаттандыруды  2 есеге арттырды.

(76 дан 154 дейін).

Бүгінгі күні облысымыздағы мекемелерде 5 мыңға жуық сотталғандар жазасын өтеуде.

 

Қарағанды облысы прокуратурасының Баспасөз қызметі. 

Қарағанды облысында ашық көшпелі процесс өтті.  - 1124220230
Қарағанды облысында ашық көшпелі процесс өтті.  - 1807217461
Қарағанды облысында ашық көшпелі процесс өтті.  - 595091221

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу