Қарағанды облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысы туралы

10 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының аясында Бас прокуратура азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауға өзгерістер енгізген болатын.

Осыған байланысты, 2018 жылдан бастап Қарағанды облысы прокуратурасында «бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайтын Құқық қорғау қызметтерінің орталығы ашылған.

Бұл жерде құқықтық көмек заңгерлік қызметтердің (20 астам) кешеніне біріктірілген және ол қызметті прокурорлармен қатар, ақысыз негізде адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары, пробация қызметінің өкілдері және психологтар жүзеге асырады.

Орталықта келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалған, заманауи техникалық мүмкіндіктердің қолжетімді болуы қамтамасыз етілген.

Ашылған сәттен бастап Орталыққа 3,5 мыңнан астам азаматтар өтінді, оның ішінде 700-ден астам азаматтарды облыс прокуратурасының басшылығы жеке қабылдады. 

Орталық жұмысының мақсаты – жедел түрде араласып, өтініштерді тиімді шешу жолымен халықтың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру болып табылады.

Халық та Орталық жұмысының тиімділігін атауда.

Құқық қорғау қызметтері орталығы Қарағанды қ., Можайский көшесі, 13 «а» мекенжайында орналасқанын естеріңізге саламыз.

Қабылдау уақыты – жұмыс күндері  9.00-18.30 сағ. аралығында.

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу