Қарағанды облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығы туралы

04 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өткен жылдан бері Қарағанды облысы прокуратурасының негізінде, азаматтар бір жерде сапалы құқықтық көмек ала алатын, Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылған болатын.   

Орталықтың ашылуы Бас прокуратураның «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясындағы жобасын жүзеге асырумен байланысты.

Орталықта прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылары, пробация қызметінің өкілдері және психологтар қабылдайды.

Ол жерде жайлы жағдайда, заманауи техникалық мүмкіндіктерді қолдана отырып, тегін түрде 20-дан астам заңгерлік қызметтер көрсетіледі.

Өткен жылы Орталыққа әртүрлі мәселелермен 1,500 астам азаматтар өтінді. Облыс прокуратурасы органдарының бірінші басшысы 300 азаматты, оның орынбасарлары 134 азаматты жеке қабылдады.

Мысалы, өтінгендердің арасында бір жыл бойы бұрынғы күйеуінен алимент өндіре алмай жүрген 32 жасар келіншек болған. Медиаторлардың қатысуымен борышкермен келісім бекітіліп, 2 күн ішінде ол 200 000 теңге сомасындағы қарызын жапты. 

Тағы бір мысал, Орталыққа бір ауданның тұрғыны қылмыстық іс бойынша тергеу мерзімін үзумен келіспейтіні туралы шағыммен келген. Орталықтың мамандары істің мән-жайын анықтап, қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға шешімді бұзу туралы тапсырма берді. Нәтижесінде іс сотқа жолданып, кінәлі тұлға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланды.  

Бүгінгі күні де әр азамат Қарағанды қаласы, Можайский көшесі, 13 «а»-үй мекен-жайында орналасқан Құқық қорғау қызметтері орталығына заңгерлік көмек алу үшін өтіне алады.

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу