Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының басшысы» бос лауазымына орналасу үшін прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды.

14 қаңтар 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды облысының прокуратурасы
(100000, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а телефон/факс:35-35-95)
C-OGP-4 санатты «Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының басшысы» бос лауазымына орналасу үшін прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері мінсіз бедел, кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттер болып табылады. 
Жоғарыда көрсетілген лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурс кандидаттардың 2013 жылғы 28 тамыздағы Бас Прокурордың №90 бұйрығымен бекітілген прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Біліктілік талаптары).

Облыс прокуратурасындағы басқарма басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті міндетті білімнің, икемнің және дағдының болуы;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) прокуратура органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілі, 
оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде, Бас прокуратураның, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық органдарында кемінде екі жыл немесе басшылық лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің,
2) не құқық қорғау органдарының лауазымдарында сегіз 
жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің,
3) не мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан кем емес, оның 
ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес өтілінің,
4) не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық 
бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;

Ішкі конкурсты өткізу тәртібі және шарттары

Ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей (7212121@prokuror.kzэлектрондық мекенжайына қайталай отырып, «Қадағалау» АЖ арқылы) Қарағанды облысы прокуратурасының кадр қызметіне беріледі.
Өтінішке Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен нақты жетістіктерді көрсететін, тікелей басшы қол қойған қызметтік әрекеттің нәтижелері туралы анықтама, кандидат бағынышты лауазымды тұлғаның ұсынымдық хаты қоса беріледі.
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ ұсыну мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысу үшін жазған өтінішін қабылдамайды.
Кадр қызметі кандидаттардың жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін зерделейді.
Кандидат жарияланған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, ол компьютерлік тестілеуден өтуге жолданады (тестілеуден өту кезінде кандидаттың өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет).
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің оң нәтижесі бар кандидаттар сұхбаттасудан өтеді.
Кандидаттармен болатын сұхбаттасуды Қарағанды облысы прокуратурасының комиссиясы өткізеді.
Кандидатқа сұхбаттасу өткізу күні және уақыты туралы оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу Қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу