Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының прокуроры тағайындалды

08 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының прокуроры тағайындалды

 

Бас Прокурордың бұйрығымен Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының прокуроры лауазымына әділет кеңесшісі Арман Аханов тағайындалды.

Т.А.Аханов  1981 жылы туған. 2002 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған, құқықтану магистрі.

Прокуратура органдарында 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қ. прокуратурасының бөлім прокуроры, Бас прокуратураның Басқарма прокуроры, Астана қ. прокуратурасының бөлім басшысы, Басқарма басшысы, Бас Прокурордың аға көмекшісі – Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің хатшысы  қызметтерін атқарған.

2016 жылдың қараша айынан бастап Теміртау қаласының прокуроры.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан асады.

 

 

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу