Есірткі бизнесіне қарсы күрес

26 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жыл сайын Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылданады.

Өткен жылы ғана облыста 500 есірткі қылмысы тіркелген. Заңсыз айналымнан 2 тоннаға жуық есірткі заттары алынған. 328 тұлға есірткіні сақтағаны үшін, 77 тұлға есірткіні өткізгені үшін жауапкершілікке тартылған.

Облыстың ҰҚКД-і 2 жыл бойы аймақта есірткіні тасымалдау және таратумен айналысқан ұлтаралық қылмыстық топтың жолын кесті.

2018 жылдың маусымында сот үкімі бойынша қылмыстық топтың барлық мүшелері 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Өткен жылдан бастап қадағалау органының бастамасы бойынша прокуратураның «Есірткіге - ЖОҚ» сенім теллефоны (8(7212)353533) жұмыс жасап жатқанын және оның көмегімен 5 наркопритондар айқындалып, жабайы сора өсіп жатқан 30 жер және оны өсірудің 2 фактісі анықталғанын атап өту қажет.

Сонымен қатар, есірткі заттарын насихаттайтын заңсыз контенті бар 27 сайтқа шектеу қойылған.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу