Электрондық нысандағы қылмыстық іс

20 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық процесті цифрландыру және Елбасының «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында айқындаған міндеттерді орындау мақсатында, Қарағанды облысында «Е-қылмыстық іс» жобасы жүзеге асырылуда.     

Жобаның мақсаты – қылмыстық сот ісін жүргізу барысын автоматтандыру, оның ашықтығын арттыру, материалдарды бұрмалау мүмкіндігін төмендету, материалдық, уақыттық шығындарды азайту, тергеу және сот органдарының жүктемелерін төмендету, іс материалдарына нақты уақыт режимінде қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Ол қылмыстық процестің барлық сатыларын қамтиды: қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкімнің орындалуына дейін.

Бүгінгі күні қылмыстық қудалау органдары 230 астам қылмыстық істерді электрондық нысанда тергеп жатыр, олардың  50%(111) сотқа жолданған,19%(42) ақтамайтын негіздермен тоқтатылған, қалғандары тергеу сатысында.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу