Балқаш қаласының прокуратурасы бюджет қаражаттарының жымқырылуын айқындады

05 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Балқаш қаласының прокуратурасы бюджет қаражаттарының жымқырылуын айқындады

 

Балқаш қаласының «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің бухгалтері бюджеттен өзінің жеке шотына аудару жолымен 1,4 млн. теңгеден астам соманы жымқырған.

Аталған фактіні Балқаш қ. прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының сақталуына өткізген тексеріс барысында анықтаған.  

Кейіннен осы дерек бойынша Балқаш өңірі бойынша сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (бюджет қаражаттарын қызмет бабын пайдалана отырып жымқыру) қылмыстық іс қозғап, тергеген.

Сот барысында сотталушы кінәсін толық мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды өтеген.

Қарағанды облысының Балқаш қ. сотының 2019 жылғы 21-ақпандағы үкімімен оған 2 жылға бостандығын шектеу және 3 жыл белгілі лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

Сот актісі заңды күшіне енді.

 

Қарағанды облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу