

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының «Алимент. Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» атты жобасының аясында Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокуратурасының ұйымдастыруыменағымдағы жылдың 9- желтоқсанында ауданымыздың № 95 гимназия мектебі ғимаратында«Баламды жақсы көремін...» атты іс- шара өткізілді.
Іс-шараның міндеті-борышкерлер мен өндіріп алушыларға құқықтық көмек көрсету, олардың арасындағы түсініспеушілікті реттеу, жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем беру, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың жұмысына уақытылы, объективті баға беріп, атқарушылық өндірістердің дұрыс орындалуына жәрдемдесу болып табылады.
Іс-шараға Октябрь аумақтық сот орындаушылар бөлімінің қызметкерлері және № 95 гимназия мектебінің ұжымы жұмылдырылып, 22 борышкер мен 27 балалар қатысты. Психологиялық, шығармашылық, дидактикалық, ой-өрісін дамытатын, денені шынықтыратын әр түрлі ойындар ойналды.
Осы тұрғыдааудан прокуроры А.Н.Тілешев:«мақсатымыз-балалардың алимент төлеуші ата- аналарымен қарым- қатынаста болуына платформа жасау. Баланың қоғамдағы толық құқылы болуы және толық қанды сезімінің болуы және нығайуы, оның құқысының шектелуіне жол бермеу керектігінжәне аталған іс-шара әлі де жалғасын табатынын»,- атап өтті.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу