Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 29622
    Дата: 06.01.2017 08:34:54
    Аты-жөні: Жумашева Айгуль
    Сұрақ:
    Сәлеметсз бе? Менің сұрағым мынадай: 2014жыл Белинский көшесі бойынша,"Қол жетімді баспана-2020"бағдарламасы бойынша, жас отбасы ретінде құжат тапсырған болатынбыз. Барлық талаптардан өттік,құрылыс жұмысы 3 жыл жүріп келеді. Құжаттарды 29-жасқа дейін тапсырдық.Жыл сайын құжат жаңартыңыздар деді, оныда істедік. Енді бізге Әкімшіліктен Сіздерге үй берілмейді деген хат келді. Өз сайттарында дәл сол Белинский көшесі бойынша тұрғын үйге қайта 29-жасқа дейынга жастардан құжат қабылдау басталды деп жазылған. Сонда біздің 3 жыл күткен уақытымыздың зая кеткеніме? Біздің құқығымызды кім қорғайды? Бұнын бір шешімі бар ма? Осы мәселе бойынша істі қарап берулерңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    17 қаңтар, 2017 - 15:08
    Жауап:
    А. Жумашеваға (блогқа ) Қарағанды қаласының Октябрь аудандық прокуратурасымен Сіздің тұрғын үй мәселесі бойынша арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы бойынша кейбір санаттағы тұлғаларға тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген болатын. Алайда, аталған қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» қаулысымен (әрі қарай-қаулы) күшін жойды. Осыған орай, Белинский көшесі, 2 үй мекен-жайы бойынша құрылыс жұмыстары белгілінген мерзімге сәйкес аяқталмағанына байланысты ҚТҚЖБ желісі, «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйді беру іс-шараларды жүзеге асырылған жоқ. Жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты, қазіргі таңда, жергілікті атқарушы органмен «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша, қатысушыларды іріктеу қаулыға сәйкес жүргізілуде. Аталғанды ескере отырып, қаулы талаптарына сәйкес болған жағдайда азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз етілуге мүмкіншіліктері туады. Егер, тұрғын ұй құқұқтарыңыз бұзылды деп санаған жағдайда, Сіз өз құқұқтарыңызды сотқа жүгіну арқылы қалпына келтіре аласыз. Сонымен қатар, осы жауапқа қанағаттанбаған жағдайда ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына және ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, жоғары тұрған мемлекеттiк органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін. Аудан прокуроры әділет кеңесшісі А.Тілешев
  • Сұрақ №: 28437
    Дата: 07.12.2016 15:30:30
    Аты-жөні: Мирзахметова Гаухар
    Сұрақ:
    Сəлеметсіздер ме? Мен 2013 жылдан бері алимент ала алмай отырмын. Соттың шығарған бұйрығы барі бар. 2013жылдың қараша айында өтінішім қабылданып, Жезқазған сотына жіберілген бірақ Жезқазған соты алимент төлеушінің мекен жайын анықтау мақсатын қайтарған Қарағанды қаласының Октябрь сотына бірақ олар алмадық дейді. Енді мен қалай қандай əрекет істеуім керек. Ешқандай сот орындаушылары қозғалмай қойды.
    Жауап күні:
    21 желтоқсан, 2016 - 17:43
    Жауап:
    Г.А.Мирзахметоваға Қарағанды қаласы Октябрь ауданының прокуратурасымен Сіздің алимент өндіру туралы шағым арызыңыз қаралды. Анықталғаны, Сіздің Е.Ж.Балабековтен алимент өндіру туралы сот бұйрығыңыз Қарағанды облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына тапсырылған. Аталған сот бұйрығы Қарағанды облысы Жаңа –Арқа ауданы Атасу кентінің жеке сот орындаушысы М.Б.Мейізбековке орындау үшін жіберілген. Сондықтан «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 52 бабының 1 тармағына сәйкес, атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылатынын Сізге түсіндіремін. Сол себепті сот бұйрығының орындалысын жеке сот орындаушыдан біле отырып, нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда Жаңа-Арқа ауданының прокурорына шағымдануға құқылысыз. Одан тыс, осы жауапқа қанағаттанбаған жағдайда ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, жоғары тұрған мемлекеттiк органға, яғни облыс прокуратурасына немесе сотқа шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін. Октябрь ауданының прокуроры А.Тілешев орынд. Ә.Сарина
  • Сұрақ №: 28055
    Дата: 26.11.2016 22:22:22
    Аты-жөні: Хуанбай Аюухан
    Сұрақ:
    Мен Хуанбайұлы Аюухан сізден көмек сұрағым келеді. 18.12.2015-25.12.2015 аралығында менің 18 бас жылқымды ұрлап кетті. Малдың жоғалғанын бақташы жаңа жылдан кейін бірақ айтты. Біз дереу токеровканың полиция бөлімшесіне барып өтініш жаздық. Онымен қоймай өзімізде күні түні іздедік. 20.01.2016 күні қарағанды қаласының шетінде орналасқан шаруашылықтан 4 бас жылқымызды таптық, шаруашылықтың иесі Қобыланов Сакен 3 жылқыны қорасына қамап қойыпты тағы бір биені қаланың ішіндегі үйінің қорасына апарып тығып қойған, полицияны шақыртып малдарымызды қайтарып алдық. Сакенді сол күні полиция алып кеткенімен ертеңінде үйіне жібере салды . Неге жібердіңіздер десек дәлел жоқ дейді. Сондада іздеуді тоқтатбадық. 22.01.2016 күні Қарағанды қаласының сыртындағы Кариерный ауылынының Ундикеров Еркін деген тұрғынының үйінен тағы 3 бас жылқымызды таптық, полицияны шақырттық. Олар келіп малымызды алып берді. Мал қайдан келді деген сұраққа Еркін сатып алдым деп жауап берді. Яғни ол кісі пришахтинскидегі Мурзалинов Қайрат деген кісіден сатып алдым деді. Полициямен 23.01.2016 күні Қайраттың үйіне барып қорасынан тағыда ұрланған 4 бас жылқыны таптық бірақ бұл жылқылар менікі емес менің ауылдастарымдікі болып шықты. Малдың иелері келіп жылқыларын алып кетті. Осы күнге дейін мына ұрылар Қобыланов Сакен , Ундикеров Еркін, Мурзалинов Қайрат қамауға алынбады және бізден ұрлаған малдарымыздың қалғанын қайтармады. Өткен жылдың желтоқсан айында біздің ауылдан 42 бас жылқы жоғалды. Сонда осы ұрылар біздің бәлен жылғы кредит алып жасап отырған еңбегімізді бір күнде ұрлап алып жүре береме осыны тексеріп беріңізші. Ауылдың бақташысыда ешқандай жауап бермейме. Бақташы ай сайын бізден айлығын алып отырды.Осының алдында да сіздерге сұрақ қойғанбыз ол кезде іс Тельман полиция бөлімшесінде еді ал қазір қарағанды ІІД ауысты.Бірақ ұрылар ешқандай жазаға тартылмай отыр болмаса қалған жылқымызды қайтармай отыр. Жергілікті полиция қызметкерлері дұрыс жұмыс жасай алмай отыр. Себептері: 1. Жылқышы Сакипов Ерболат жылқымызды 17.12.2015 жоғалтты бірақ оны бізден жасырды 03.01.2016 күні бірақ айтты 2. Қобыланов сакен 4 бас жылқымызды ұрлап алып оны жасырды 3. Қобыланов Сакеннің ұлы жылқымызды тапқан кезде бізді атамын деп мылтық сермеді 4. Қобыланыв Сакен тельман полиция бөлімшесінің басшыларына пәре беріп қылмыстық істі жапқызғысы келді. Егер ұрлыққа қатысы жоқ болса неге пәре береді 5 Пәре алған екі бастық ұсталынды бірақ сондада Қобыланов жазаға тартылмай отыр.Бұл мәселені полиция тергеушілері біздің ісбен байланыстырмай отыр. 6.Түрмеде жатқан куәгер Зуйконың сөздеріне тергеушілер сенбей отыр. бұл Зуйко дәлел болатын яғни ұрлаған адамдароды қалай ұрлағанын бәрін айтып отыр. 7. Жылқыны ұрлаған Мурзалиновтың аудио запистері бар бізде соны тексермей отыр. Қайрат бұл менің даусым емес десе соған сенеді неге. Ол записті экспертизаға беріп тексермей 8. Бізде куәгерлер көп осы күнге дейін солардың біреуінде шақырып сұрақ алған жоқ. Құрметті бас прокурор бізге көмек керек." Полиция қызметкерлері жылқыны кім ұрлағанын қайда тығып қойғанын және камаз көлігімен тасығанын біле отырып істі аша алмай отыр әлде ашқыцлары келмей отырма. Енді Бірнеше күнде осы ұрлықтың жасалғанына бір жыл болады, ұрыларды өз қолымызбен ұстап беріп отсақта полиция қызметкерлері қандай бір шара қолданбайды, қазіргі жағдайда олар Төлеу деген баяғыдан келе жатқан ұрыны жауып қойып ұрлықты соған мойындатпақшы. Сонымен қатар істің қалай жүріп жатыр қандай сатыда екендігімен бізді таныстырмайды танысуға болмайды дейді.
    Жауап күні:
    8 желтоқсан, 2016 - 18:23
    Жауап:
    Қарағанды облыс прокуратурасымен, Сіздің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогынан келіп түскен жылқы ұрлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс пен тиісті іс-шаралар қолданылмай жатқандығы туралы арызыңыз, қылмыстық істің құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Анықталғаны, 08.01.2016 жылы Сіздің арызыңыз Бұқар-Жырау ауданының ішкі істер Басқармасының Тельман полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 188 бабы 4-ші бөлімінің 3-ші тармағымен (әрі қарай – ҚК) №163541031000008 тіркелген. 06.04.2016 жылы аталмыш қылмыстық іс Тельман полиция бөлімінен Қарағанды облысының Ішкі істер департаментіне сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін жолданған. Тергеу барысында, 06.09.2016 жылы осы қылмысты жасады деген күдікпен Т.Сарсенбаев ұсталып, оның іс-әрекеті жоғарғыда көрсетілген ҚК-тің бабымен сараланып, оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпа шарасы қолданылды. Қазіргі күнде, қылмыстық іс Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының тергеушісі Е.Адиловтың өндірісінде, онымен арнайы тергеу амалдары жүргізіліп Т.Сарсенбаевпен, қатар басқада тұлғалардың аталмыш қылмыстық іске қатысы бар екендігі анықталып отыр. Жүргізілген тергеу амалдарының қорытындысы бойынша, анықталған күдіктілердің іс-қимылдары ҚК-тің тиісті бабымен сараланып, қылмыстық іс бойынша нақты шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар түсіндіретінім, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процесстік Кодексінің 71 бабының 6 бөлімі 11 тармақшасының талаптарына сәйкес, Сіз қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары толығымен аяқталғаннан кейін, жәбірленуші ретінде қылмыстық істің құжаттарымен танысуға құқылысыз. Осы арыз бойынша берілген жауаппен келіспеген жағдайда, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17 бабына сәйкес жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 26983
    Дата: 17.10.2016 09:46:41
    Аты-жөні: Тулеугазина Корлыхан
    Сұрақ:
    Мен де көпшілікпен бірге ТОО "Финанс оптово Групп-ке" 400000 /төрт жүз мың /теңге ақша салдым. Осы қаражатымның қайтаруына көмектесеңіздер. Байланыс номерім 87009921151,8702338-9596, үй номері 38-02-33 Сіздердің тексеруілеріңіз орынды деп ойлаймын. Басқа да зардап шегушілердің алдын алдыңыздар . Сіздерге рахмет. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
    Жауап күні:
    8 қараша, 2016 - 09:25
    Жауап:
    К. Тулеугазинаға Сіздің №163572031001137 қылмыстық іс бойынша ақшалай қаражатынызды қайтару туралы арызыныз, қылмыстық істі оқу арқылы қаралды. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының ІІБ «ФинансОптоГрупп» ЖШС қызметкерлеріне қатысты, қаржы пирамида құру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, Сізге келтірілген материалдық шығын бойынша Қарағанды қаласының ІІБ-на жүгіну қажет. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Аудан прокурорының м.а Т. Әлекпаев
  • Сұрақ №: 25612
    Дата: 22.08.2016 22:14:30
    Аты-жөні: Рахымжанова гульнар
    Сұрақ:
    Қайырлы күн!Менің қояр сұрағым Ақадыр кенті бойынша жеке меншік көлікпен такси болып журген көліктер өте көп.Олардың көбінде патент,сақтандыру қағаздары да жоқ.Оның ішінде менің сізге хат жазуыма себеп болып отырған жайт Ауди80 маркалы көлік,мемлекеттік номері 558KVA/09,жүргізушісі Дайынов.К.С деген азамат.Бұл жүргізуші мүгедек яғни оң көзі жок,ал көлік жүргізу куәлігін 2015ж алған.Осындай денсаулығында кінәраты бар адам калай көлік жүргізу куәлігін алып адам тасып жур?Осы жайттың заңдылығын тексеруіңізді сураймын
    Жауап күні:
    16 қыркүйек, 2016 - 15:46
    Жауап:
    Г.О.Рахымжановаға Сіздің менің блогыма жазған, К.С.Дайыновтың мемлекеттік нөмірі 558KVA/09 Ауди 80 маркалы автокөлікті жүргізу заңдылығы мәселесіне, сонымен қатар Ағадыр кентінің жеке жүргізушілерінің патентсіз және сақтандыру құжаттарысыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысу заңдылығы мәселесіне қатысты сұрағыңыз қаралды. Сіздің блогқа жолдаған сұрағаңыз бойынша тексеріс өткізу қажет. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 б. 5 т. сәйкес (бұдан әрі - Заң) жеке және заңды тұлғалардың жалпығы қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтініштері осы Заңда белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс. Өтінішке оны берушінің қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылуы қажет (Заңның 6 б. 2 т). Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 1 б. 16 т. сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба - ол электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолмен тең және бірдей заңдық салдарға әкеп соғады (Заңның 10 б). Заңның 1 б. сәйкес ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаса, арыз берушінің почталық мекен-жайы жоқ өтініш иесі бүркемеленген өтініш болып саналады. Өтініште дайындалып жатқан қылмыс немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш қарауға жатпайды (Заңның 5 б.). Яғни, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогына түскен, алайда, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін мәселелер бойынша тексеріс ұйымдастыруға тыйым салынады. Осыған байланысты, Сіздің мәселеңіз бойынша тексеріс ұйымдастыру үшін Сізге уәкілетті органға немесе прокуратура органдарына заңда белгіленген тәртіпте жүгіну қажет екенін түсіндіремін. Қарағанды облысының прокуроры А. Секішев

Беттер