Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 32636
    Дата: 18.04.2017 21:56:01
    Аты-жөні: Нуржигитов Ерлан
    Сұрақ:
    Саламатсызба менің мəселем томендегидей мен 2011жылдын Караша айында Астана қаласында жеке куалигимди жоғалтып алдым.Содан тургылыкты мекен жайыма келип жана куаликке отиниш берип 2012 жылдын Акпаннын 4 жулдызында Жана куалик алдым.Сол жогалган куаликпен Караганды каласындагы - Ермекова д 73 салык комитетинен менин атымнан жалган ИП,ЖК ашылган 2015жылы.Енди маган сол жактан хаттар келип жатыр.Менин ол бойынша еш катысым жок.Осы маселени калай шешуге болады.
    Жауап күні:
    19 шілде, 2017 - 17:32
    Жауап:
    Е.К. Нұржігітовқа Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының Блогынан келіп түскен, Сіздің атыңызға ЖК заңсыз тіркеген жайлы шағымыңыз Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасымең қарастырылды. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 7 бабының 5 тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелер арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтiнiштерi осы Заңда белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс екендігін түсіндіреміз. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс (Заңының 6 бабы 2 тармағы). Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 1 бабының 3 тармақшасына сай, электрондық цифрлық қолтаңба бұл электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Сол себептен электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тұлға қолының арасында қандай да бір артықшылықтары жоқ (Заңының 10 бабы). Заңының 1 бабына сәйкес, авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекен-жайы жоқ өтiнiш иесi бүркемеленген өтiнiш деп саналады. Егер мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш (Заңның 5 бабы). Блог мемлекеттік органдарының басшылары мен жалпы қоғамдықпен ақпараттық-коммуникациялық жүйелері арқылы инетрактивтік байланысу платформасы болып табылады. Сонымен, ЖК тіркеу күшін жою бойынша шара қолдану үшін. Сіз заңда белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті мекемеге – Қарағанды облысы бойынша Мемлекетті кірістер Департаментіне шағымдануыңыз қажет. Аудан прокуроры Д. Қаржаспаев
  • Сұрақ №: 32190
    Дата: 02.04.2017 20:48:34
    Аты-жөні: Мирзахметова Гаухар
    Сұрақ:
    Салеметсіз бе? Мен Мирзахметова Гаухар Амирбековна. Тұрғылықты жерім: Қарағанды облысы Саран қаласы п.Ақтас Ленинградская 6/2 пəтер.Прописка бойынша (ул.Таймырская14/2) (87011381373) Балам Ерболатұлы Ибрахимнің пайдасына əкесі Балабеков Ерболат Жанатовичтен(30.10.83) алимент өндіру мақсатында сотқа беріп соттын шешімін алған едім. Соттың шешімі 2013жылдың 26.желтоқсанында күшіне енді. Бірақ осы уақытка дейін мен алимент ала алмай жүрмін. 2016 жылдың 23- желтоқсанында Қарағанды қаласындағы Мустафина 6/4 сот атқарушы палатасымен маған Жаңаарқа ауданы бойынша Мейзбеков Марат Болатович п.Атасу Тауелсиздик д.23(87756826705)жеке сот орындаушысы тағайындалды құжаттар почта арқылы жіберілді дегенмен мен бұл сот орындаушының менің құжаттарым бойынша ешқандай жұмыс жасалып нəтиже шығарғанын көрмедім. Менің сұрақтарыма "қолым тимей жүр" "уақытым жоқ" деген жауаптар ғана алдым. Көмектесуіңізді өтінемін. 4-жыл бойы ешқандай нəтиже көре алмай жүрмін. Заң бойынша алиментке мəселесі жайында еш кедергі болмау керек делінген, бірақ мен үшін өте қиындап кеткен сияқты. Құжаттарым жəне соттың шешімі Мейізбеков Марат Болатовичте.
    Жауап күні:
    6 сәуiр, 2017 - 17:18
    Жауап:
    Сіздің, Бас Прокурордың блогынан түскен борышкер Е.Ж. Балабековтен алиментті өндіріп беру туралы өтінішіңіз, Жаңаарқа ауданының прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, 12.12.2016 жылы Қарағанды облысы жеке сот орындаушылар аймақтық палатасына жазған өтінішіңізге байланысты, жеке сот орындаушысы М.Мейізбековпен 09.01.2017 жылы борышкер Е.Ж. Балабековтен 1/4 мөлшерінде алимент өндіру туралы 467/17-35-2333 санды атқарушылық өндірісі қозғалған. Атқарушылық өндірісі қозғалғаннан кейін, жеке сот орындаушысымен ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы» (бұдан әрі - Заң) Заңының талаптары негізінде, борышкердің жұмыс орны, табысы, мүлкі тексерілген. Нәтижесімен, борышкердің қандай да бір мүлкі және табыс көздері анықталмаған. Жеке сот орындаушысымен атқарушылық әрекеттер жүргізу барысында, борышкердің көрсетілген мекен – жайда (Жаңаарқа ауданы Атасу кенті Жамбыл көшесі, 2 үй, 2 пәтер) тұрмайтыны анықталып, акт толтырылған. Сонымен қатар, атқарушылық органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы борышкер Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы Абай Құнанбаев көшесі, 64 үй, 30 пәтерде тіркелгені анықталды. Заңның 152 бабының 4 бөліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғалар атқарушылық құжаттарды орындауды жүзеге асыру үшін борышкердің тұрғылықты жері не жұмыс орны (заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға тіркелген жер бойынша), мүлкі орналасқан жер бойынша жеке сот орындаушысына жүгінеді. Бұл орайда, Сіз атқарушылық құжатын орындау үшін, Сәтпаев қаласына жолдау туралы өтініш білдіру қажет екендігін түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 бабының талабына сай және ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
  • Сұрақ №: 31825
    Дата: 15.03.2017 10:14:00
    Аты-жөні: Абдикаримова Гулзира
    Сұрақ:
    Салеметсіз бе Құрметті Тлеугалиев мырза! мен 09.03.17 сіздің обл.прокуратураға шағым түсірген болатынмын одан алдын да бірнеше рет түсірген шағымдарым еңбек инспекциясына жолдап олар қараусыз қалған болатын соңғы берген шағымым бойынша тергеу жүргіземіз деп алып талон берді 3 куннен кейін тел шалып хабарласқанымда казыбек би аудандық прокуратурасына жіберілгенін айтты ол жақта Мусаханова сымбат деген кісіге жүктелгенін біліп ол кісіге тел шалсам тағы да еңбек инспекциясына жібергенін айтып отыр Ол шағымда полиция қызметкерлерінің біздің мекеме басшылығымен бірігіп жасаған қылмыстарын тергеушілердің қылмысын жазып керекті құжаттарымен қоса салған едім сонда прокуратура қызметкерлері тіптен жұмыс істемейтін болған ба әлде бұлар да сыбайлас па солармен мәселені дұрыс бағытпен қарауыңызды сұраймын болмаса бас Прокурордың жеке блогына жіберемін
    Жауап күні:
    28 наурыз, 2017 - 11:37
    Жауап:
    Құрметті Гүлзира Кәрімбекқызы! Сіздің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогынан түскен, Қарағанды облысы прокуратурасы қызметкерлерінің іс-қимылдарымен келіспейтініңіз туралы шағымыңыз қаралды. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайтынын түсіндіреміз. Осыған байланысты, Сіздің «Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы» ММ және Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасының қызметкерлерінің әрекеттеріне наразылығыңыз туралы, Қарағанды облысы прокуратурасына келіп түскен 20.02.2017 және 14.03.2017 жылғы арыздарыңыз,Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 12 бабының 3 бөліміне сәйкес ( егер мәселе белгіленген құзырлық шегінен шықса, уәкілетті лауазымды тұлға арызды құзыретті мемлекеттік органға жіберу туралы шешім қабылдайды) уәкілетті органдарға жіберілді. Уәкілетті органдардың шешімімен келіспеген жағдайда Сіздің облыс прокуратурасына арыздануыңызға болады (олардың жауаптарын қоса тіркей отырып). Қарағанды облысының прокуроры Ы. Тілеуғалеев
  • Сұрақ №: 30974
    Дата: 09.02.2017 15:31:03
    Аты-жөні: Маразиков Асихан
    Сұрақ:
    Құрметті Ибрай Ашимханович, сізге хат жазып отырған себебім, мен Сәтбаев қаласының тұрғыны ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен әділдік көмек сұрап, содан еш нәтиже болмағансон ол кісілерден бар үмітімді үздім. Сәтбаев қаласына 2012 жылы көшіп келген болатынмын. Өзімнің тұрақты баспанам болмағандықтан жанұяммен пәтер жалдап тұрамын. Бар мақсатым тұрақты баспанаға ие болу еді. Кіші қызым Жолдыбаева (Маразикова) Дилфуза Сәтбаев қаласының орталық ауруханасында орта буындағы медицина қызметкері болып қызмет жасап жұрген болатын. Жұмысында Анар деген кісімен танысып, ол кісі «мен күйеуіме айтып көрейін, ақшаларың болса үй тауып береді» деген еді. Содан сол Анардың күйеуі Жалмурзин Нұркен деген кісі хабарласып «1 400 000 (бір миллион төрт жүз мың) тенге ақша берсеңіздер екі бөлмелі пәтер тауып беремін» деп ауызша уәде берген болатын. Содан уақыт создыртпай жанұямызбен ақылдасып, қызым Жолдыбаева (Маразикова) Дилфуза екі банкіден 1 400 000 (бір миллион төрт жүз мың) тенге несие алып Жалмурзин Нұркенге 2014 жылдың тамыз айында беріп едік. Содан Нұркен әні – міне болады деп созып жұріп алды. 2015 жылдың тамыз айында ақшаны алғанына тура бір жыл мерзім болды, не қайтарылған ақша жоқ, не уәде беріп алып берем деген үй болмағандықтан жергілікті құқық қорғау органдарына шағымданған болатынбыз. Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімінің тергеушісі Даутов Абзал істі жүргізген болатын. Ол Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің қай бабына сүйеніп істі жұргізгені бізге белгісіз. Менен яғни Маразиков Асиханнан, қызым Жолдыбаева (Маразикова) Дилфузадан түсінік алды, содан Жалмурзин Нұркеннен түсінік алдым деді, түсінігінде ақша алғанын мойындады деді. Бірақ біздерді беттестірген жоқ, оның әйелі Анардан түсінік алған жоқ. Жалмурзин Нұркен белгісіз бір Беланов Сергей деген азаматтың үйін алып беремін деп, сосын ол Беланов Сергей белгісіз бір себептерден қайтыс болады. Жәнеде Жалмурзин Нұркен ақшаны алғанын мойындаса, онда неге тергеуші ақшаны қайтару мақсатында ешқандайда іс – әрекет жасаған жоқ? Менің қатысуыммен Жалмурзин Нұркеннен мерзімін белгілеп неге қолхат алып бермеді? 2015 жылдың 23-ші қазанымен өндіріспен қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарыпты. Ол қаулымен бізді 1 ай мерзім өткен соң ғана таныстырды. Ол қаулыда біріншіден – істі ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлімімен жұргізген (сонда 1 400 000 тенге ақша ірі мөлшер болып саналмайма, неге 3-ші бөлімімен жұргізбеген), екіншіден – қылмыстық істің қысқартылу себебін ҚР ҚІЖК-нің 35 бабы 1 бөлімі 2 тармағына сүйеніп отыр, ал ол 2-ші тармағында әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы деп жазылған. Қылмыстық істі жүргізу барысында азамат Жалмурзинов Н.Ш. өз жауабында ақшаны алғанын мойындап отырса және сол қаражатты отбасылық жағдайына байланысты жұмысап қойғанын айтып отырса, онда неге «әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы» деп көрсетілген? Сонда анықтаушы Даутов А. қаулыда өзінің жазғанына қарама қайшы қаулы шығарғаныма. Бұл қаулыға сол кездегі Сәтбаев қаласының ІІБ-нің АБ бастығы полиция капитаны Қ.Ж.Жадкеев, Сәтбаев қаласының ІІБ-і бастығының орынбасары полиция майоры А.А. Кадрин және Сәтбаев қаласының ІІБ-нің бастығы полиция полковнигі Ж.С. Жақаев келісімін беріп қол қояды. Сонда қаулымен таныспай полиция басшылары келісіп қол қоя берема не? Осы сұрақтармен Сәтбаев қаласының прокуратурасына шағымданған едік, бірақ Сәтбаев қаласының прокуроры менің арызым бойынша шығарылған қаулыны көріп не істерімді білмедім яғни не күлерімді не жыларымды. 2016 жылдың 11-ші қаңтарында Сәтбаев қаласының прокуроры шығарған қаулыда шешім заңсыз деп танылған, бірақ сол істі қайтадан анықтау амалдарын жүргізу үшін нақты ақшаны қайтару амалдары көрсетілмеген. Қайдағы жоқ бір Беланов С.А. азаматының бұл өмірде болғаны, болмағаны туралы анықталсын деген. Ол азаматтың бұл іске қатысы да жоққой. Енді істің қайта қаралғаны туралы немесе қандай шешім қабылдағаны туралы мені осы бүгінгі күнге дейін ешкім хабардар қылған емес. Қызым Маразикова Дилфуза 2015 жылдың мамыр айнда тұрмыс құрып фамилиясын Жолдыбаева қылып ауыстырған болатын. Қызым 2016 жылдың қаңтар айынан бастап декреттік демалыста. Күні бүгінге дейін екі банкіге несие ретінде қызым Дилфуза төлеп отыр. Бірақ жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты банкіге уақытылы несиені төлей алмағандықтан банктерге пайызбен қарыз үстеме төлеуге мәжбүр болып отырмыз. Бізге тек қана керектігі құқық қорғау қызметкерлері адал шешім шығарып Н.Ш. Жалмурзин азаматтан ақшаны қайта өндіріп берсе болғаны. Енді алдағы уақытта бар үмітім сізде ғана. Сізге сеніммен арызымды жолдап, жазбаша түрде жауап күтемін. Сәтбаев қаласының тұрғыны А. Маразиков 09.02.2017 жыл.
    Жауап күні:
    23 ақпан, 2017 - 09:40
    Жауап:
    Қарағанды облысының прокуратурасы, Сіздің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогынан келіп түскен, алаяқтық дерегі бойынша қабылданған процессуалдық шешіммен келіспейтіндігіңіз туралы арызыңызды, қылмыстық істің құжаттарын зерделеу арқылы қарады. Өзіңізге белгілі болғандай, 28.09.2015 жылы Сіздің Н.Жалмурзиновке қатысты алаяқтық дерегі бойынша арызыңыз Сәтбаев қаласының Ішкі істер бөлімінің (әрі қарай – Сәтбаев қ. ІІБ) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1-ші бөлімімен тіркелген (әрі қарай – ҚК). Жүргізілген сотқа дейінгі тергеу амалдарының нәтижесі бойынша, 24.03.2016 жылы Сәтбаев қ. ІІБ-ің тергеушісінің м.а. А.Даутов Н.Жалмурзиновтың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқартқан. 22.02.2017 жылы қабылданған процессуалдық шешімнің заңдылығын облыс прокуратурасы қадағалау тәртібінде тексеріліп, нәтижесі бойынша шешім бұзылып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК) 193 бабының талаптарына сәйкес қосымша тергеу амалдарын жүргізу үшін жазбаша нұсқау берілді. Жүргізілген қосымша тергеу амалдарының нәтижесі бойынша қылмыстық іс бойынша нақты шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар түсіндіремін, ҚПК-тің 99 бабының талаптарына сәйкес Сіз қылмыстық процеске қатысушы ретінде сотқа, қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылысыз. Осы арыз бойынша берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
  • Сұрақ №: 30374
    Дата: 20.01.2017 11:16:49
    Аты-жөні: Хуанбай Аюухан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза сізден көмек керек бізге. Біз Қарағанды обылысы Бухар Жырау ауданы қызылқайың ауылының тұрғындарымыз. Мәселе біздің 2015 жылы ұрланған 42 бас жылқымыз туралы. Осыдан бұрында сізге хабарласқамыз бірақ ісіміз бітпей жатыр. 2015 жылдың желтоқсан айында жылқымызды ұрлаған адамдарды өзіміз ұстап полиция қызметкерлеріне тапсырсақта оларды босатып жіберген ол ұрылар тіпті өзімізді мазақ қылып жүр бізге ешкім ештеме істей алмайды барлығы біздің қолымызда біз шешеміз барлығын деген сияқты сөздер айтып. Енді осы іс бойынша екі адамды полиция қызметкерлері ұстап жапты бірақ оларға Қарағанды көлемінде болған барлық ұрлықты іліп қойып отыр яғни олардың мойнына 2014 жылдан бергі ұрланған 332 бас жылқыны ұрлады деп отыр. Ал енді шындығына келсек алдыңғыларын білмейміз бірақ біздің соңғы 42 бас жылқыны ұрлаған адамдар бұлар емес. Осы соңғы ұрлыққа тікелей қатысы бар адамдар деп күдіктенетініміз келесілер 1. Сакипов Ерболат – ауыл жылқышысы, ол жылқылыардың жоғалғанын біле тұра ұрлықты жасыру мақсатымен 20 күндей халыққа айтпай жүрді. 2. Қобыланов Сакен- фермасынан 3 бас жылқымыз және қаланың ішіндегі катедж үйінің қорасына тығып қойған тағы 1 бас жылқымыз табылды, үйінен сойылған жылқының еттері және біздің бір биенің сирағы шықты олардың барлығын полиция тәркіледі және бізді атамын деп Қобылановтың ұлы тапанша сермеді оныда полиция тәркіледі. Кейінне қылмыстық ісін тоқтату мақсатымен Қобыланов Сакен полиция қызметкерлеріне пәре беріп ұсталды. 3. Ундикеров Еркін – үйінен 3 бас жылқымызды таптық. 4. Мурзалинов Қайрат – үйінен 4 бас жылқы табылды бірақ бұл кісі жылқылар өзімдікі деп алдап соқты, полицияға жалған жауап берді, бізге жылқымызды қайтарып беремін деп алдап кетті, үйінен сойылған жылқылардың еттерімен бас тары шықты. Осы жағдайдың барлығын Бухар Жырау ауданының Тельман полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері видеоға және фотоға түсіріп алған. Осы адамдар істе жәй куәгер іретінде кетіп отыр қалай неге екенін Қарағанды обылысының ІІД аға тергеушісі Адилов Е.С. бізге түсіндіре алмады. Енді бір кейіпкер Жылқашинов Қайрат бұл адамның қорасына осы барлық жылқылар айдалып барып жан жаққа таратылып сатылып отырған бұл кісіге күдікті ретінде іс қозғалды бірақ сотқа жіберілмей бөлектелініп алынып қалды неліктен екенін түсінбей отырмыз, тергеушілердің айтуы бойынша ол кісі ауырып жатыр ал шындығына келсек ол адам үйінде жүр және ос Жылқашиновтың дүние мүлкі орестқа алынған жоқ. Құрметті прокурор осы мәселінің анық қанығына жеткізіп тексеріп беруіңізді өтінеміз, біз қарапайым халықбыз ашулымыз егер осы мәселе терісімен шешіліп жатса президенттің әкімшілігіне жазуға дайын отырмыз. Барлық күдіктілердің ұрлыққа қатысы бар екнін дәлелдеуге болады. Қарағанды обылысы ІІД тергеушілері істі бұрмалап барлық ұрлықты ұсталған екі кісіге жауып отыр ал олар болса жәй қылмыстық істі орындаушылар ал нағыз қылмыстық істі ұйымдастырушылар бостандықта жүр. Бұл деген нағыз ҰҚТ ( ОПГ ) егер іс қайта қаралып дұрыс шешімін таппаған жағдайда біз заңды түрде ел басымыз Назарбаев Н.Ә. хабарласып көмек сұраймыз.
    Жауап күні:
    1 ақпан, 2017 - 09:11
    Жауап:
    Қарағанды облысының прокуратурасы, Сіздің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогынан келіп түскен, жылқы ұрлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іспен және күдіктілерге қатысты тиісті іс-шаралар қолданылмай жатқандығы туралы арызыңыз қаралды. Аталмыш қылмыстық істі тергеу барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Т.Сарсенбаев пен Қ.Аспанов ұсталып, олардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің ҚК-нің 188 бабы 4 бөлігінің 3 тармағымен (әрі қарай ҚК) сараланып, қамауда ұстау бұлтартпа шарасы қолданылған. 30.12.2016 жылы С.Сарсембаевқа және Қ.Аспановқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 300 бабына (әрі қарай ҚПК) сәйкес шешім қабылданып, қылмыстық іс Бұқар-Жырау ауданының прокурорына жолданылған. Қылмыстық істі зерделей отырып, С.Сарсембаев пен Қ.Аспановқа қатысты 6 эпизод бойынша тағылған айып заңды деп танылып, 06.01.2017 жылы аудан прокурорымен күдіктілерге қатысты қылмыстық іс соттылығы бойынша Бұқар-Жырау ауданының №2 Сотына қарау үшін жіберілген. Қазіргі кезде қылмыстық іс соттың өндірісінде. 12.12.2016 жылы көрсетілген қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Қ.Жылқашинов ұсталып, оған «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Алайда, соңғының денсаулығының жарамсыздығына байланысты, ол Қарағанды қаласы «Кардиология» медицина орталығына жатқызылған және оған қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске шығарылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тергеу органымен Қ.Мурзалинов пен Е.Ундикеровке қатысты ҚК-нің 432 бабында көзделген ауыр қылмысты жасыру түріндегі қылмыс белгілерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Алайда, негізгі қылмыстық істі тергеу барысында Е.Сақиповқа, С.Қоблановқа, Е.Ундикеровке, Қ.Мурзалиновке қатысты жылқы ұрлау қылмысын жасады деген күдік бойынша ешқандай дәлелдемелер, сонымен қатар, олардың күдікті Т.Сарсембаевпен, Қ.Аспанов және Қ.Жылкашиновпен ортақ қарым-қатынастары бар екендігі анықталмаған. Сол себепті, қазіргі уақытта соңғыларды жылқы ұрлау дерегі бойынша күдікті деп тануға негіз жоқ. Сонымен қатар түсіндіремін, ҚПК-тің 99 бабының талаптарына сәйкес, Сіз қылмыстық процеске қатысушы ретінде сотқа, қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылысыз. Осы арыз бойынша берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.

Беттер