Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 10552
    Дата: 22.08.2014 02:24:40
    Аты-жөні: Сабыров Жақсылық
    Сұрақ:
    Қарағанды облысының прокуроры 3-сынып мемлекеттік әділет кеңесшісі А.А.Секишевке Мен, Ұлытау ауданы Егінді бұлақ ауылында дүниеге келген Сабыров Жақсылық Берлібековичпін, Сізге осы шағым-арызым арқылы өтінерім, Алпанбаева Лаззат және оның жұбайы Бақтыгелді есімді кісілерге қатысты қандай да бір шара қолдануыңызды сұраймын. Қандай да бір деп, жазып отырған себебім, 2013 жылдың шілде айының 31-жұлдызы күні мен Ұлытау ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы А.Д.Дүйсембаевқа жоғарыдағы адамдарға қатысты шара қолданылсын деген арыз жазған едім, алайда ол арызым еш жауапсыз және қараусыз қалған болатын (азаматтар арызын тіркеу кітабына №348 санды болып 31.07.2013 жылы Ұлытау ауданының ІІБ-де тіркелген). Ол арызымның мазмұны келесідей еді, яғни мен өзіме тиісілі, заңды жерімде (Күміс бұлақ ауылы) шөп шапқаннан соң, оны пресстеп, сатуға дайындалып жатқан кезінде, Л.Алпанбаева, оның жұбайы Бақтыгелді екеуі келіп, маған қатысты күш қолданған болатын, яғни аңқаусызда тұрғанымда, атап айтқанда амандасып қол созып жатқан кезімде, Бақтыгелді өзінің маған деген ерекше жепкөрініштігін білдіртіп, оң жақ бетімнің астынғы жағымнан жұдырығымен ұрған болатын. Сол кезде мен жерге құлап, ес түсімді әзер дегенде жинап алған болатынмын, дәл сол кезде қасымда өзімнің жұмыскерлерім мен іңім болған, атап айтқанда: Майлыбаев Едіге, Майлыбаев Жансары және іңім Сабыр Арман болған болатын, олар осының бәріне куә. Жанағы Бақтыгелдінің іс-әрекетін көрген Майлыбаевтар мен іңім А.Сабыр жанымызға келіп арашалап жіберген болатын. Содан кейін Бақтыгелді ұялы телефонынан біреуге қоңырау шалып жатқан болатын. Мен есімді жияр-жинамастан, не болғанын әзер дегенде түсінбекші болғым келіп тұрған кезде, арада біршама уақыт өткен соң, жанағы менің иелігімдегі жерге маған бұрын таныс емес сұр түсті, мемлекеттік нөмірі «517» санды маркасы «Мерседес Бенц» атты автокөлік шандатып жетіп келген болатын. Ішінен бейтаныс үш ересек қазақтың балалары шығып, бұрқам-талқам болып маған қарай жетіп келіп, мені жазықтықтан–жазықсыз жұлқылап, қоқанлоқы көрсете бастады. Сол кезде Бақтыгелді оларға мен туралы бірнәрсе айтып жатты, мен ол сөздерге мән берер хәлім болмағандықтан, жігіттер сендерге не болған, не үшін келдіндер деген болатынмын. Дәл сол кезде ішіндегі біреуі қойнынан қара түсті маркасы белгісіз тапаншасын алып шығып, маған кезеді де, «атып тастаймын»-деген болатын. Тапанша кезегеннің есімін мен сол жерде, оқиға барысында жаттап алған болатынмын, оның аты «Айбек», кейін мен оның Л.Алпанбаеваның немесе Бақтыгелдінің нақты айта алмаймын, жиені екенін де белдім. Тапанша кезеген кезде сол жерде бар адамдардың барлығы полицияға шағымданамыз, мынауларын шектен шыққандық деген болатын, сол себептен олар жоғарыда аты аталып кеткен автокөліктеріне мінгесіп қашып кеткен болатын. Сол күні мен алдында көрсетіп кеткендей Ұлытау ауданынын полициясына барып, басымнан өткенді баяндаған болатынмын. Мен полицияға барғанымда, Л.Алпанбаева және Бақтыгелдінің менің үстімнен балағат сөздер айтты деген жалған арыз түсіргендері туралы естідім және меннен сол бойынша учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция лейтенанты Жакенов Қайрат Мухаметжанович жауап алған болатын. Балағат сөздерге келсек, мен ешкімге балағат сөз айтатындай мұршам болған жоқ, керісінше аттары аталған екеуі және сырттан келген Айбек пен оның достары маған білгендерінше балағат сөздер айтқан болатын, атап айтқанда ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан болатын. Балағат сөздер айту, мәселесі Ұлытау ауданынын әкімшілік сотында қаралған болатын, алайда сот маған тиесілі ешқандай әкімшілік жаза қолданған жоқ, себебі бұлардың айтып отырғандарын жоққа шығарған және олар ешнәрсе сотта дәлелдей алмаған, ал менің тарапымнан жоғарыда айтылған куәлар қатысып, маған жала жауып жатқандарын дәлелдеп берген. Полиция учаскелік инспекторының көмекшісі Қ.М.Жакеновтан мен жазған арыз қаралды ма, деп сұрағанымда ол, маған күліп тұрып: «көке ол іс болған жоқ және ол бойынша отказной шығарып тастағанмын, ол кезде Сізге кезегендері ойыншық тапанша екен ғой және Сізде ешқандай дене жарақаттары анықталмаған ғой, бұл мәселе бойынша енді менімен жолықпай қойыңыз» - деп менімен сөйлесуге уақыты жоқ екенің айтып, кетіп қалған болатын. Сонда балағат сөздер айтты деген, жалған жала жауып тұрған әлгі екеуінің арыздары сотқа дейін барып, қаралған болатын. Ал маған қатысты, менің жерімде бола тұра істеген қылмыстық іс-әрекеттері еш жауапқа тартусыз қалғаны ма? ӘДІЛДІК ҚАЙДА? Әлде Ұлытау ауданының құқық қорғау органы Л.Алпанбаева мен Бақтыгелдіні жақтап, болған оқиғаны бір жақты ғана қарағандағысы ма? ӘДІЛДІК ҚАЙДА? ӘДІЛЕТТІЛІК ҚАЙДА? Бұл жерде менің жеке басыма қауіп төнген, жеке мүлігіме және кәсібіме қолсұғушылық болған, онысымен қоса, денсаулығыма ЕЛЕУЛІ зиян келтірілген. Атап айтқанда, болған оқиғадан кейін мен Жезқазған қаласының орталық ауруханасына науқас болып түсіп қалғанмын, сол ауруханада емделген болатынмын, ол туралы менде мәліметтер көп, атап айтқанда амбулаторлық медициналық құжаттар және стационарлық науқастың медициналық картасына берілген №4709 санды көшірмесі, онда маған қойылған толық диагнозым мынандай: «ЗЧМТ Сотрясение головного мозга. Гипертензионный синдром. Ушиб мягких тканей подчелюстной области». Л.Алпанбаева мен Бақтыгелді малдарын менің жеріме қазіргі таңда да қасақана айдап салғанына бірнеше айлар өтіп бара жатыр, және оған себеп менің ойымша, көреалмаушылық, өйткені мен басқа ешқандай негіздер мен себептер берген жоқпын, олар менің жерімді баса көктеп алып қоймақшы ойлары бар сияқты. Жақын арада, атап айтқанда 2014 жылдың тамыз айының 01-жұлдызы күні ауылыма барып, мал-жай және шабынды шөбімді тексере келе, Л.Алпанбаева мен Бақтыгелдінің малдары, атап айтқанда сиырлары менің жерімде жайылып, жинап-терген шөбімді таптап жүргеніне куә болдым. Жақын ауылдар тұрғындарынан және өзімнің жұмыскерлерімнен сұрай келе, білгенім, Л.Алпанбаева мен Бақтыгелдінің малдары менің жерімде ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жүр екен. Мұндай Л.Алпанбаева мен Бақтыгелдінің істеп жүргендері туралы менде біршама дәлелдемелер мен мәліметтер бар. Атап айтқанда мен соңғы ауылыма барған кезде, Л.Алпанбаева мен Бақтыгелдінің малдары менің жерімде жайылып жүргенің және жинап қойған шөбімді ысырап еткендерін бейне таспаға және фототүсірілімге басып алғанмын. Сонымен қатар сиырларының құлақтарындағы сырғаларының нөмірлерін (002 718 09) фотоға түсіріп алғанмын. Аяғында қосарым, құқық бұзушы және мүлікке қолсұғушы Л.Алпанбаевамен және Бақтыгелдімен күресіп шаршадым. Олармен және олардың құқыққа қарсы әс-әрекеттерімен күресіп жүріп екі мәрте инсульт алған болатынмын. Қазіргі таңда денсаулығым мәз емес, ауыр хәлде, қашан біреулер маған және жанұяма қастандық істеп кетер, деген қорқынышпен өмір сүріп келем, өйткені Ләззат пен Бақтыгелдінің істегендері заң мен жазадан қорықпағандарын, қорықпайтындықтарын көрсетіп отыр. Сіздерден сұрайтыным, жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан Л.Алпанбаеваға, Бақтыгелдіге, Айбек пен оның жолдастарына қатысты шара қолдана алмай, өздерінің әділетсіздіктері мен сыбайластықтарын көрсеткендері үшін, мені осындай ауыр хәлге жеткізгендері үшін, олырды құқық бұзушылар қатарына қосып, қоса жазаға тартуларыңызды сұраймын. Тағы сұрайтыным, осы шағым-арызым қаралмай, аяқ асты болып қалмауын және қаралуы объективті түрде, бір жақты ғана болмай, жан-жақты қаралуын, сонымен қатар әділетсіздікті жойып, әділдікті орнатуын.
    Жауап күні:
    2015-01-17
    Жауап:
    Сабыров Жақсылық Берлібекұлына Сіздің, облыс прокуратусарының блогына түскен арызыңыз қаралды. Түсіндірем, Ақтоғай ауданы ІІБ-ің іс-әрекеттерінің заңдалағына қадағалау Ақтоғай ауданы прокуратурасымен жүзеге асырылады. Осы себептен, Сіздің арызыңыз бойынша Ақтоғай ауданы ІІБ-ің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Қ.М. Жакеновтың қабылданған процессуалдық шешімнің заңдылығын тексеру үшін, сатысыз аудан прокуратурасына Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес арыздануыңызға құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіздің, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқығыңыз бар.
  • Сұрақ №: 9741
    Дата: 17.07.2014 12:31:58
    Аты-жөні: Жиенбаева Ардақ
    Сұрақ:
    Саламатсызба? Мен Ақадыр кентіндегі А.Ермеков атындагыорта мектептің мугалимимин,жане11 А сынып жетекшиси болдым. 2013-2014 оку жылында мектеп директоры С.Кенжебаев немереси Аралтаева М. табельдерин тузетип ерекеш аттестатка усынганы туралы шагымданып ҚР Ген.прокуратурасына жазган едим. Ол жактан 1 маусым куниоблыстык прокуратурага жиберилип, сол бойынша аудандык прокуратурадан тексерис келген еди. Ендиги сурагым тексерис натижесин кашан берер екен, жане тексерген прокурор комекшиси алып кеткен журналдарды кашан кайтарады екен. Себеби сол кунги тексерген Ерболат деген прокурор комекшиси отпускада екен. Рахмет
    Жауап күні:
    2014-08-01
    Жауап:
    ответ на обращение Жиенбаевой А.Р. Сіздің Ағадыр кентінің А.Ермеков атындағы орта мектебінің директоры С.А.Кенжебаеваның заңсыз іс-әрекеттері жайлы жазған арызыңыздын нәтижесін алмауыңыз туралы жазған өтінішіңіз қаралды. Алдында Сіздің А.Ермеков атындағы орта мектебінің директоры С.А.Кенжебаеваның заңсыз іс-әрекеттері жайында жазған арыздарыңызға аудан прокуратурасымен 30.06.2014 жылы №2-0820-14-01362 санымен жауап жолданған болатын. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз ҚР „Прокуратура“ туралы Заңының 8 бабының және ҚР „Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау“ туралы Заңының 12 бабының талаптарына сәйкес жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Тіркемеде: арызға жауап көшірмесі 2 бетте. Шет ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Т.Рымбаев Шет ауданы, Ақадыр кенті А.Ермеков атындағы мектеп мұғалімдері А.Ж.Абеноваға және т.б. Шет ауданының прокуратурасымен Сіздердің Ағадыр кентінің А.Ермеков атындағы орта мектебінің директоры С.А.Кенжебаеваның заңсыз іс-әрекеттері жайлы жазған арыздарыңыз негізінде «Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де тексеріс жүргізу арқылы қаралды. Тексеріс жүргізу мақсатында аудан прокуратурасының қызметкерлерімен А.Ермеков атындағы орта мектепке шығып арызда көрсетілген уәждер бойынша тексеріс жүргізілді. Арыздарыңызда көрсетілген, яғни ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім стандарты мен нұсқау хатында көрсетілген ереже талаптары бұзылу бойынша (2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін 11-ші сыныптарда сабақ кестесі өзгертіліп, ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын негізгі 5 пәндерді ғана оқыту) уәждерді тексеру мақсатында оқу журналдарын, табелдерді және де оқушылардың және мұғалімдердің өздерінен де түсінік алу арқылы тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында оқу журналдары талапқа сай, барлық сабак кестеге сай өткізіліп, толтырылған күйде болды. Алайда, мектеп оқушыларынан түсінік алу барысында 2013 жылдың кыркүйек айынан 2014 жылдың мамыр айына дейін Ұлттық бірыңғай тесиілеу тапсыратын тек 5 пән шеңберінде ғана оқытылғандығын көрсетті. Мектеп директорының сабақтарға кіріп келу, есіктің сыртынан тың тыңдау, балаларға шүйлігу, дәлізде мұғалімдерге дауыс көтере сөйлеу, ар-намыстарын қорлап ұрысу деректері бойынша «Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі басшысының 26.05.2014 жылғы №44 санды бұйрығымен А.Ермеков атындағы орта мектептің директоры С.А.Кенжебаеваға қатысты тәртіптік жаза ретінде «Сөгіс» жарияланған. Арыздағы мектеп жанын аббатандыру үшін мұғалімдерден 200 теңгеден ақша жинау уәждерді тексеру мақсатында Балқаш аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясының № 14351605200092 санды қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы материалын зерделеу арқылы қаралды. Тексеріс нәтижесі бойынша аудан прокуратурасы қабылданған процесуалдық шешіммен келісті. Сонымен қатар, А.Ермеков атындағы орта мектептің директоры С.Кенжебаеваны ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім стандарты мен нұсқау хатында көрсетілген ереже талаптары бұзылу бойынша (2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың наурыз айына дейін 11-ші сыныптарда сабақ кестесі өзгертіліп, ҰБТ тапсыратын негізгі бес пән қазақ тілі, математика, орыс тілі, Қазақстан тарихы және таңдау пәні), яғни 2013 жылдың кыркүйек айынан 2014 жылдың мамыр айына дейін ҰБТ тапсыратын тек 5 пән шеңберінде ғана оқытылу дерегі бойынша тәртіптік жауапкершілкке тарту жөнінде «Шет ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-не прокурорлық пайымдау актісі енгізілді. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 8 бабына сәйкес жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Шет ауданы прокурорының көмекшісі 1-ші сыныпты заңгер А. Алтынбеков
  • Сұрақ №: 8031
    Дата: 22.04.2014 10:54:49
    Аты-жөні: Рахимбекова Аргуния
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе, Асқар Асанханұлы!!! Мен Қарқаралы қаласының тұрғынымын. Сізге кәмелеттік жасқа толмаған балама алимент дұрыс қуып ала алмай жүргендігім жөнінде арыз жазған болатынмын. № 02355 17.04.2014ж. Осы арызымда барлық басымдағы жағдай баяндалған болатын. Менің сізге арыз жазған себебім, сот орындаушының өз жұмысына немқұрайлы қарағаны, Қарқаралы ауданы прокурорының анықтама алынған жеке кәсіпкерлік Қарағанды қаласында тіркелген болғандықтан, тексеріс жүргізе алмайтындығы үшін, сізге борышкер Мұстафин Бекзат Мәдиұлы жұмыс істеймін деп әкелген анықтаманың заңдылығын тексеру мақсатында сізге арызданып едім. Мақсатым тек кәмелеттік жасқа томаған баламның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Жалғыз басты ана мен өз әкесі мен туыстарынан көргенсіздік көріп отырған баламның құқықтарын, заң бойынша тиесілі алиментін қалай куа аламын? Менің арызым Қарқаралы ауданының прокурорына қайта жіберілген екен. ҚР Бас проркуратурасына шағымдана аламын ба?????
    Жауап күні:
    2014-05-10
    Жауап:
    о ненадлежащем исполнении решен суда
  • Сұрақ №: 6208
    Дата: 26.01.2014 21:30:37
    Аты-жөні: Ермекбаев Куаныш
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе, құрметті Асқар Асанханович. Мен 1990 жылы туылған, Қарағанды облысы, Жәйрем кентінің тумасымын. 2009 жылы №30 орта мектепті үздік аяқтадым. ҰБТ-ның нәтижесі бойынша Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің "жерге орналастыру" мамандығыныа мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу бөліміне түстім. Жоғарғы яғни 3,4 курстарда өзімнің ғылыми және қоғамдық жетістіктеріме байланысты Елбасымыздың тағайындаған Президенттік шәкіртақысының иегері атандым. 2013 оқу жылы 050903 "жерге орналастыру" мамандығын да үздік аяқтадым. Қазір Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде "Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты реттеу" мамандығының сырттай бөліміне түстім. Қазіргі заңға сәйкес әескери техникалық мектептен 40 күндік курсты өтіп, қатардағы жауынгер атаағымен әсери билет аламын. Отбасылық жағдайым әкем ІІ топтағы мүгедек, анам зейнеткер, үйленген жоқпын. Құрметті Асқар Асанханович, менің бала кезден келе жатқан арманым-заңды жетік меңгерген өз ісінің шебері болып, Елбасыиыздың бастауларын қолдап, Қазақстан Республикасына адал қызмет ету. Менің заңтану мамандығы бойынша жоғары білімім жоқ. Мүмкін болса прокуратура органдарында қызмет жасай отырып, арнайы белгіленген ЖОО-да "Заңтану" мамандығын оқимын. Сізден жұмысқа орналасу бойынша көмегіңіз бен ақылыңызды беруіңізді сұраймын. Ағылшын тілін орташа ауызекі, қытай тілін бастапқы кезеңде меңгергенмін. Өтінішіме көңіл бөлуңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    2014-02-24
    Жауап:
    ответ на обращение Ермекбаев К.Т
  • Сұрақ №: 6122
    Дата: 22.01.2014 17:29:22
    Аты-жөні: Gimnazya92 Uzhum
    Сұрақ:
    Қарғанды облысының прокрутурасына № 92 гимнзаия ұжымы сіздерден өтінеді: 2011-2012 оқу жылының сонында гимназия директоры Мусина Айман Оразовна гимназия ұстаздарынан «гимназия мұғалімінің формасына (костюміне)» деп 12.000 теңгеден ақша жинаған. Бірақ сол форма да жоқ, ақша да қайтарылған жоқ. Тек, осы жаңа жыл қарсаңында 4.000 теңгеден берді. Осыған жауап кілтін сіздер тапсаңыздар басқа шара жоқ. Бар үмітімз сіздерде. Гимназия ұжымы
    Жауап күні:
    2014-02-12
    Жауап:
    Мәні бойныша қарау үшін, №92 гимназия ұжымының аталған мектептің директоры А.О.Мусинаға қатысты Бас Прокурорыңың блогынан түскен арызын жолдаймын.

Беттер