Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 39923
    Дата: 08.02.2018 21:19:00
    Аты-жөні: Коксегенов Мадияр
    Сұрақ:
    Салеметсиздерме! мен Караганды обласы Сатпаев Жезказган каласынын тургынымын, сонгы кезде жол патрул полициясы зансыз ягни нарушениясыз токтатып кужаттарды жие сурау кобейп кетти,не истеуге болады осындай жагдайга тускенде? ар кайсысы ар турли сылтау айтады биреуи бизде рейд дит бирак рейдтын кагазы барма десем жок дит,тагы биреуи подозрение на алкоголь дит,тагы биреуи тунгы уакытта журген ушун токтаттым дит, тагы биреуи осы номерды токтауты керек деп айтты бирак маркасы тусун билмимиз дит,кагаз барма осы номерди токтат деген дит,десем жок дит жай рациямен айтты дит кужаттарыныз ды корсетинизши болды дит,панитойсыз машина тексерет ,,, дал осындай жагдайга тускенде не истеу ге болады ? кай номерге кимге хабарласуга болады? мынау менин тел номерим 8777-571-49-05 совет берсениз жаксы болар енди, рахмет
    Жауап күні:
    17 ақпан, 2018 - 12:32
    Жауап:
    М.Ж.Көксегеновке Құрметті Мадияр Жанбулатұлы! Сіздің ішкі істер органдары қызметкелерінің заңсыз тоқтатулары туралы өтінішіңіз Жезқазған қаласының прокуратурасында қаралды. Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңының 52 бабының 1 тармағына сәйкес , ішкі істер органдары қызметкелерінің көлік құралын тоқтату негіздері мен тәртібі келесідей: 1) көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы, оның ішінде сертификатталған арнайы техникалық құрал және аспап тіркеген жол жүрісі қағидаларын бұзуы; 2) айдап әкетілген, ұрланған көлік құралдарын, сондай-ақ жүргізушілері жол-көлік оқиғалары, көлік құралдарын пайдаланумен байланысты өзге де қылмыстар болған жерден қашып кеткен көлік құралдарын іздестіру жөніндегі жұмыс; 3) осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда көлік құралын беру қажеттігі; 4) стационарлық полиция бекеттерінде, сондай-ақ жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде жүргізушінің осы Заңның 54-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттарын тексеру; 5) полиция бекеттерінде және бақылау-өткізу пункттерінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру. Арнайы іс-шараларды жүргізу кезеңінде тасымалданатын жүк құжаттарын тексеру мақсатымен көлік құралдарын полиция бекеттерінен тыс жерде тоқтатуға жол беріледі; 6) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың қозғалысты шектеу немесе оған тыйым салу туралы шешімдерін орындау; 7) жүргізушіге және (немесе) жолаушыға (жолаушыларға) өздері куә болып табылатын жол-көлік оқиғаларының, әкімшілік құқық бұзушылықтың, қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы сауал қою қажеттігі; 8) жол жүрісін реттеу. Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңның 1-бабының1-тармағында көзделмеген негіздермен ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша көлік құралын тоқтатуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292 бабына сәйкес азамат мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға құқылы. Осыған сәйкес, Сіз азаматтық тәртіпте талап қою арқылы сотқа шағымдануға құқылысыз (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9 бабына сәйкес). Ішкі істер органдары қызметкелерінің заңсыз тоқтатулары туралы анықталған фактілер бойынша Қарағанды облысының ішкі істер департаменті өзіндік қауіпсіздіқ баскармасына жүгіне аласыз. Жоғарыда баяндалған жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабына сәйкес қабылданған шешiмдерге шағым жасауға құқылысыз. Жезқазған қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі А.Куляшкин орын. Н.С. Қағазбаев тел. 8 (7102) 76-19-87
  • Сұрақ №: 39235
    Дата: 20.01.2018 17:23:37
    Аты-жөні: Дарибеков Канат
    Сұрақ:
    Жауабыңызды алдым,рахмет.Маған моральдық зазал келтірген мекеме деп айтып отырғаным тергеу органдары емес, Жезқазған қ. МКҚБ-сы деп есептеймін.Сол мекеменің үстінен сотқа талап арыз беру үшін тергеу нәтижесін соңына дейін күту керек пе, әлде шағымдана беруге бола ма?
    Жауап күні:
    19 наурыз, 2018 - 16:57
    Жауап:
    К.У. Дәрибековке Бас Прокурордың блогы Құрметті Қанат Утаевич! Сіздің, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогына жазған, Жезқазған қаласының Мамандандырылған қүзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша өтінішіңіз қаралды. Өзіңіз білетіндей, Сіздің еңбек еткен жылдардың есебінде қолыңызды жалған қою фактісіне қатысты арызыңыз бойынша Қарағанды облысының Ішкі істер Департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы (бұдан әрі – ІІД ӨҚБ) Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 362 б. 1 бөлігімен тергеу жүргізген. 28.02.2018 ж. ІІД ӨҚ Бтергеушісі Е.Смағұлов аталған қылмыстық істің өнідірісін ҚПК 35б. 1б. 2 тармағы негізінде, яғни іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартқан. Іс құжаттарын зерделеу барысында шешім заңды қабылданғаны анықталды. Себебі, Сізге зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарыңыздын есебін дұрыс рәсімделмеген деп санауға негіз жоқ және аталған құжатқа қол қою азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірмеген және ешқандай залал орын алмаған. Сіздің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогына 23.01.2018 ж. түскен арызыңызға уақытында жауап берілмеу дерегіне қатысты қазіргі уақытта қызметтік тексеріс өткізіліп жатыр. Нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Моральдық шығынды өндіру мәселесі бойынша келесіні хабарлаймын: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының (бұдан әрі - Нормативтік қаулы) 10-тармағына сәйкес судья моральдық зиянның салдарын жойғызу туралы талапты ҚПК-тің 4 тарауындағы тәртіппен қарайды. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы өндіру туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ғана қойылады. Егер, азамат ҚПК-тің 4-тарауында көзделген тәртіппен зиянды өтеу туралы талапты беруге алты айлық мерзім өткізіп алынса, онда ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы. Азаматтық кодекстің (бұдан әрі - АК) 951 бабының талабына сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) болып табылады. Моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде, зиян келтiрушi өтейдi. Сіздің шектелген құқықтарыңызды қорғау мақсатында жеке дара шағымдану құқығыңыз заң талаптарымен бекітілген. АК-тің 9-бабының талаптарына сәйкес Сіз азаматтық түрде талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Облыс прокуроры М. Сексембаев
  • Сұрақ №: 38653
    Дата: 04.01.2018 01:48:32
    Аты-жөні: Ибираимова Улмекен
    Сұрақ:
    Құрметті азаматтар сіздердің үлкен көмектеріңіз керек қарапайым халыққа. Ананың зарын, мүгедек əкенің көз жасының тиылуына қол ұшын беретін жан барма? Менің інім Ибираимов Жарылқасын қылмыстық іс бойынша 106/3 баппен 9-жылға сотталды. Анам көп балалы ана, əкем 1-топ мүгедек жүре алмайды, сөйлей алмайды, отбасымызда 5-қыз 1-ұлмыз. Қыздар бəріміз өз отбасымыз балаларымыз бар бөлек тұрамыз ал інім үйленбеген, үйде əкемізге қарайтын. Ініме мектепте, көршілерде оң мінездеме берді, бұрын сотталмаған, норкотик, ішімдікпен айналыспаган. тек жанындағы жолдасына көмектесемін деп кетіп отыр. сот айтқан шығындарды төлеуге дайынбыз. Отбасылық жағдайларды ескеріп рахымщылық немесе шартты жазаға ауыстыруға боладыма? Анамнын атынан жазып отырмын! жалпы інім жаман əдет аулақ еді. Ата-анамыз жылай жылай күн-түн өтіп жатыр! өтінеміз қандай кеңес бере аласыздар? толық ақпарат керек болса беруге дайынмын
    Жауап күні:
    18 қаңтар, 2018 - 14:41
    Жауап:
    У.Х.Ибираимоваға Құрметті Улмекен Хазраткулқызы! Облыс прокуратурасы Сіздің сотталған Ж.Х.Ибираимовтың мүддесінде жазған арызыңызды қарады. Біріншіден, 08.11.2016 жылы Темиртау қалалық сотының үкімімен Ж.Х.Ибираимов Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылғандығы анықталды. Екіншіден, аталған үкім 31.01.2017 жылы Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасымен қаралып, өзгеріссіз қалдырылған. Үшіншіден, 13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның 5-бабының 12-тармақшасына сәйкес, осы Заңның күші 03.07.2014 жылғы Қылмыстық кодексiнде көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру қылмыстар (106-баптың екінші және үшінші бөліктері) үшін сотталған адамдарға қолданылмайды. Яғни, аталған Заңның күші Ж.Х.Ибираимовқа қолданылмайтынын түсіндіремін. Төртіншіден, Қылмыстық кодекстің 73-бабына сай, ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күнiне бас бостандығын шектеудің бiр күнi есебiмен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкiн. Көрсетілгеннің негізінде Ж.Х.Ибираимов айыппұл не бас бостандығын шектеу жаза түріне ауыстыру сұрағы бойынша сотқа тек 25.10.2019 жылы жүгіне алатындығын түсіндіремін. Егер бұл жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 12-бабына сәйкес жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Н.Жанахметов
  • Сұрақ №: 38286
    Дата: 20.12.2017 12:34:02
    Аты-жөні: Дарибеков К.
    Сұрақ:
    Менің арызым бойынша 2 жыл бұрын Қарағанды облысы ІІД ішкі қауіпсіздік бөлімімен қылмыстық іс тергеліп, заңсыз бірненше рет қысқартылған.Кәзіргі уақытта тергеу органының әрекетіне сотқа шағымданбақшымын, одан басқа осы іс бойынша менің құқығымды бұзған мекеме үстінен моральдық шығын туралы арыз берем.Осы екі арызды бірдей беру керек пе,соны билейін дегем.Жезқазған қаласының прокурорының жауабына сәйкес,"іс қылмыстың құрамының жоқтығына байланысты" қысқартылған.
    Жауап күні:
    19 қаңтар, 2018 - 09:24
    Жауап:
    К.У. Дәрібековке Бас Прокурордың блогы Құрметті Қанат Утаевич! Сіздің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогына берген Жезқазған қаласының мамандандырылған қүзет қызметі Басқармасының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істің тоқтатылуымен келіспейтініңіз туралы өтінішіңіз облыс прокуратурасымен істі зерделеу арқылы қаралды. Сізге белгілі болғандай, 17.08.2016 жылы қылмыстық іс Қарағанды облысының Ішкі істер Департаментінің Өзіндік қауіпсіздік Басқармасының (бұдан әрі – ІІД ӨҚБ) тергеушісі Е. Смағұловпен Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі - ҚПК) 35б. 1б. 2 тармағы негізінде, яғни іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өндіріспен тоқтатылған. Іс құжаттарын зерделеу барысында аталмыш шешім негізсіз қабылданғаны анықталды. Осыған орай, 15.01.2018 жылы қылмыстық қудалау органының жоғарыда аталған шешімінің күші облыс прокуратурасымен жойылып, іс қосымша тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін ІІД ӨҚБ-на жолданды. Сонымен қатар, моральдық шығын туралы арызды беру мәселесі бойынша келесіні хабарлаймын. «Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысының (бұдан әрі - Нормативтік қаулы) 10 тармағына сәйкес судья моральдық зиянның салдарын жойғызу туралы талапты ҚПК-тің 4 тарауындағы тәртіппен қарайды деп бекітілген. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ғана қойылады. Егер ҚПК-тің 4 тарауында көзделген тәртіппен зиянды өтеу туралы талапты беруге алты айлық мерзім өткізіп алынса, онда адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы. Азаматтық кодекстің (бұдан әрі - АК) 951 бабының талабына сәйкес, Моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) болып табылады. Моральдық зиянды осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа реттерде, зиян келтiрушiнiң кiнәсi болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. Сізге шектелген құқықтарыңызды қорғау мақсатында жеке дара шағымдану заң талаптарымен бекітілген. АК-тің 9 бабы талаптарына сәйкес Сіз азаматтық түрде талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіздің жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Облыс прокуроры М. Сексембаев орын.К. Тусупов тел.35-35-33 Ескерту: Өтінішке жауап электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы Өзараыңтымақтастық туралы Бас прокуратура мен «Казпочта» АҚ арасында жасалған меморандум аясында «Алғандығы туралы хабарлай отырып тапсырыспен гибридтік жөнелту» қызметі арқылы жіберілді. Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 12) – тармақшасына сәйкес электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат. Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей. Примечание: Ответ на обращение направлен с использованием электронной цифровойподписи посредством услуги «Заказное гибридное отправление с уведомлением о получении» в рамках Меморандума о взаимном сотрудничестве, заключенного между Генеральной прокуратурой Республики Казахстан и АО «Казпочта». В соответствии с пп.12) ст.1 Закона Республики Казахстан «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» (далее – Закон) электронный документ – документ, в котором информация представлена в электронно-цифровой форме и удостоверена посредством электронной цифровой подписи. Согласно п.1 ст.7 Закона электронный документ, соответствующий требованиям Закона и удостоверенный посредством электронной цифровой подписи лица, имеющего полномочия на его подписание, равнозначен подписанному документу на бумажном носителе.
  • Сұрақ №: 36561
    Дата: 29.10.2017 15:01:52
    Аты-жөні: Самархан Еламан
    Сұрақ:
    Құрметті Марат Исламханұлы ... Менің мән жайым осыдан 3 күн бұрын баламды Юга-Восточный отделения ұстап алды ұрлық үшін. Енді біз мән жайды түсіндіруді сұрасақ олар бізге өз адваокаттарын беріп басқа адвокат жалдамауларын айтып адвокат 750,000 тг сұрап ештене айтпай дело сотқа өттіп кеткен №16 түрмеде деп айтады. Балам өз қателігін мойындап отыр бірақ біз жәбірленушімен өзара келісіп жжағдайды шешкіміз келеді бірақ олар жанағы баланын (жәбірленуші) откозноиын алмай қабылдамай отыр. Қазір баламды 2 айға түрмеге қамап қойды ешбір сотсыз. Бұл жағдайды қалай шешуге болады? жазған сотталушы баланын анасы
    Жауап күні:
    6 қараша, 2017 - 18:52
    Жауап:
    Е.Е. Самарханға Құрметті Еламан Ертайұлы! Сіздің Бас Прокурордың блогына балаңыздың қылмыстық ісіне қатысты жазған арызыңыз қаралды. Анықталғаны, 24.10.2017 жылы Қарағанды қаласының Ішкі істер Басқармасының Оңтүстік - Шығыс полиция бөлімі Р.Б.Шакановтың арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 191 бабы 2 бөлігінің 1,3 тармағымен, яғни тонау, жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтеннің мүлкін ашық жымқыру дерегін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. 27.10.2017 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан сотымен Н.С.Амангелді және А.Рахатжанға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Қазіргі уақытта, орын алған дерек бойынша Оңтүстік - Шығыс полиция бөлімімен істiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 68 бабына сәйкес, тек онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс санаттағы істер жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартыла алады, ал Сіздің балаңыздың жасаған іс-әрекеті ауыр қылмыстар санатына жатады, сондықтан жоғарыда көрсетілген заң талаптарын қолдануға мүмкіншілік жоқ. Сіздің Қылмыстық-процестік кодекстің 99 бабы 1 бөлігіне сәйкес, қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгіну құқығыңыздың бар екендігін түсіндіремін. Көрсетілген қылмыстық істің тергелу барысына қадағалауды Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокуратурасы жүзеге асырады. Осы арыз бойынша берілген жауаппен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Облыс прокурорының орынбасары Н. Жанахметов орын. Мейрамов Е.

Беттер