Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 48395
    Дата: 01.03.2019 20:25:37
    Аты-жөні: Омарбаева Панира
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе Марат Исламханович менің сұрайын дегенім,менің ұлым істі болып 7жыл калонияда отырып,өз жазасын толық өтеп 2016 жылы келді. Келгеннен кейін сот болып 2019 жылдың наурызына дейін бақылау қойылды. Осы аралықта ешқандай ескерту алған жоқ,тексеріс кездерінде үйде болып жүрді және өзім қадағалап отырдым.Білгім келетіні, енді бақылау алынып тасталынады ма,қашан ұлым толық бас бостандығын алады?Осы сұрағыма жауап беруіңізді өтіне сұраймын.
    Жауап күні:
    18 наурыз, 2019 - 15:04
    Жауап:
    П.Б.Омарбаеваға Құрметті Панира Битебаевна! Сіздің ұлыңыздың мүддесіне жазған, соттылығының өтелгені туралы түсіндірме беру өтінішіңіз қаралды. Сіздің өтінішіңізді қарастыру барысында, Сіздің ұлыңыздың деректерін көрсетілмегеніне қарай, Сіздің өтінішіңіз мәні бойынша қарастыруға мүмкін емес. Сонымен қатар, Сізге тексерісті жүргізу, прокурорлық ықпал ету шаралары, заңның нормаларын түсіндіру туралы арыздар мен өтініштер прокуратура органдарына: - қолма-қол; - пошта байланысы арқылы; - «электрондық үкімет» порталына (egov.kz) арқылы берілетінін хабарлаймыз. «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) өтінішті жіберу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны тұрғылықты мекенжай бойынша қызмет көрсету орталығында ала аласыз. Туындап отырған сұрақтар бойынша жауапты тез арада алу үшін Сізден сұрақтың мәнін анық және қысқаша көрсетуді сұраймын. Бұл талаптар Бас Прокуратураның блогында қатысу туралы келісімде реттелген. Осыған байланысты, Сіздің сұрағыңыз бойынша мән-жайларды тексеру үшін Сізге прокуратура органдарына заңмен көзделген тәртіпте жүгіну қажет екенін түсіндіремін. Қарағанды облысының прокуроры М.Сексембаев орын.: Д.Магзумова тел.: 77-22-65
  • Сұрақ №: 45054
    Дата: 31.07.2018 14:17:46
    Аты-жөні: Мұсабаев Баймұрат
    Сұрақ:
    Мен Мұсабаев Баймұрат 24.07.2018жылы Нұра -Астана тас жолымен жүксіз жүк көлігімен келе жатып жол потрулдік полициясымен тоқтатылдым. Құжаттарды тексергеннен кейін қызметкер менде көлігімде өрт қауыпты жүк тасу кезіндегі сары түсті жанып сөнетін жарык белгісі (мигалка) жоқ деп хаттама толтыра бастады. Әрине бұл әкімшілік құқық бұзушылықпен келіспеймін. Қызметкерге көлікке жүксіз керек емес деп айтканмен тыңдамады. Полиция көлігінің ішінде қызметкер мағам сендер Шымкеннтен келген әбден құтырғансыңдар деп (балағат сөзбен) намысыма келетін сөздер айтты. Кейн хаттаманы толтырп қол қоюға берді, Мен келесіде жұмыс берушіме телефон шалып ақыл сұрадым. Сөйлесу кезінде қызметкер екі мәрте телефонымды қолымнан жұлып алды. Хаттаманы қол қою кезінде мен қызметкерге өз келесі шағымымды айтым орыс тілін жеткілікті білмеймін деп қызметкердің орыс тілінде толтырылған хаттамсын орыс тілі деген жерді қазақша деп жазып қол қойдым сол кезде қызметкер хаттаманы қолымнан жұлып алдыда мені далаға шығарып жібердіде кетіп қалды. Кейн 102 телефон шалып шағымданып қызметкерлерді шақыртып алдым. Біраз уақыттан кейн олар келіп хаттаманы қолыма берді сосын мен қол қойдым заңды көмек керек деп көрсеттім, құқықтары мен міндеттерімді сұрағанымда қызметкер саған айттымғой қандай құқық бұзушылқтыр бар екендеп жауап бері. кейн таңы бір қағазға қол қой деп ұсынды бұл не қағаз дегенімде хаттаманын копиясы алдым деген деп қол қойғызып қолыма хаттаманын бірін бермей қолыма түбіртек беріп потрульдік машинадан шығарып жіберді де кетіп қалды. Мен тағыда 102 телефон шалып қызметкерлді шақырттым олар келіп қорқытып қайра кетіп қалды. мен тағыда 102 телефон шалдым ондағы кезекші кызметкер Бөлімшеге кел деп тұтқаны қоя салды, осы қызметкерлердік кесірінен мен жарты күн уақытым кетті және табыс көлеміне үлкен зиян келтірілді. Құрметті прокурор мырза жоғардағы көрсетілген шағымымды қарастырып толтырылған хаттаманы заңсыз деп тауып тоқтатуыңызды өтінемін, Түбіртек №1144045
    Жауап күні:
    6 тамыз, 2018 - 09:08
    Жауап:
    Б.Д.Мусабаевқа Құрметті Баймұрат Дүйсебекұлы! Нұра ауданы прокуратурасымен Сіздің көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін, Нұра ауданы ішкі істер органының қызметкерімен толтырылған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіспеу туралы өтінішіңіз қаралды. Өтінішті қарау барысында аудан прокуратурасы Сізге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 5 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқықбұзушылық ісі аталған органнан қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру үшін сұратылды. Алайда, әкімшілік құқықбұзушылық ісі Сіздің Нұра аудандық сотына берген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспеу туралы шағымыңыз негізінде Нұра аудандық сотының сұратуы бойынша қарау үшін жолданған және өазіргі таңда қаралуда. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 1 тармағына сәйкес сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сондықтан, Сізге қатысты қозғалған әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша ішкі істер органының лауазымдық тұлғаларының әрекеттері мен актілеріне құқықтық баға сотпен берілетін болады. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 12 және 14 бабтарының талабтарына сай және ҚР «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 17 бабына сәйкес, Сіздің жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар. Нұра ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Д. Саттыбаев орын Е.Таласбаев тел 22-3-75 email:7214404@prokuror.kz
  • Сұрақ №: 43434
    Дата: 05.06.2018 11:34:31
    Аты-жөні: Туктубаева Жанаргуль
    Сұрақ:
    Құрметті Пракурор Мырза!Мен,Туктубаева Жанаргуль Хамидуллиевна сізге 2018 жылдың 13 сәуірінде хат жолдаған болатынмын. Хатымның мәтіні:"Саламатсыз ба, прокурор мырза. Мен, Туктубаева Жанаргуль АК 159/6 жазасын өтеу мекемесіндегі сотталушы Туктубаев Талғат Қалдыбайұлының жолдасымын. Сізге қояр сұрағым: жолдасым Талғат 2013 жылдың 28 ақпанынан бері жазасын өтеуде. Осы уақыт ішінде жазасын өтеу мекемесінде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып өзін жақсы жағынан көрсетуде. 2017 жылдың қаңтар айында мекеме басшылығынан марапаттау/алғыс алды. Әртүрлі спорттық іс-шараларға үнемі қатысып отырады. Мекеме ішіндегі сайыстарға да қатысуда. Осы уақыт ішінде оған өзін жақсы жағынан көрсете білген еңбегі бағаланбай, керісінше қудалануда. Соның ішінде жолдасым Талғатқа қойылып отырған басты кінә оның С.Баймағанбетов ісіне куә болуы. Сізден жолдасым Туктубаев Талғатқа жазасын өтеудің жеңіл нұсқасын беру мүмкіндігін және осы жеңілдік бойынша менімен, туыс-жақындарымен жиі кездесу мүмкіндігін беруіңізді сұраймын." Осы сұрағыма ,мен қанағаттанарлықтай жауап ала алмадым. Жауап ала алмауымның себебін түсіндіруіңізді және де хатыма дұрыс жауап беруіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    18 маусым, 2018 - 16:29
    Жауап:
    ответ Туктубаевой
  • Сұрақ №: 42788
    Дата: 14.05.2018 16:49:04
    Аты-жөні: Рахымжанова Гульнар
    Сұрақ:
    Курметти прокурор мырза! Мен 16.02.2018ж №40160 жане 06.03.2018ж №40730 санды хаттар жолдаган едим,бугинги кунге дейин ешкандай жауап алмадым.
    Жауап күні:
    25 мамыр, 2018 - 09:46
    Жауап:
    Г.О.Рахымжановаға /БЛОГ/ Құрметті Гүлнар Өрікбайқызы! Сіздің, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогынан түскен, ағымдағы жылдың ақпан және мамыр айларында жазған өтініштеріңізге жауап алмағаныңыз туралы өтінішіңіз қаралды. Қарағанды облысының прокуратура органдарына Сізден ешқандай өтініш түспегенін хабарлаймыз. Осыған байланысты, Сізге өтінішті қайтадан жолдауды ұсынамыз. Осы жауапқа қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, 8(7212) 35-35-77 телефоны арқылы хабарласуыңызды өтінеміз. Облыс прокуроры М. Сексембаев орынд. Бекежанова Д.М. тел.35-35-77
  • Сұрақ №: 40730
    Дата: 06.03.2018 14:17:50
    Аты-жөні: Рахымжанова Гульнар
    Сұрақ:
    Курметти Толеген Амантайұлы сизге жугинуге себеб болып отырган жагдайым мынада болып тур Кантар айында уйимде орт болган еди,сол жайт бойынша Акадыр кенттик полиция болими КР КК 202 ст бойынша ис ашылган болатын.Осы уакыт бойына ягни 1,5 ай ишинде айналдырган 5квартира тургындарынан жауап алынып болмаган.Ол аздай кеше 05.03.2018ж Шет аудандык полиция кызметкерлери мен кенттик тергеуши мени шакыртып ДВД осы ис бойынша жауап сурап жатыр деди.Соз торкиндеринен тусингеним 202ст бойынша ашылган исти 204ст ауыстыруды коздейди екен,енди испен кайта танысу барысында коршимнен тусиник алынбаганын билдим.Енди ис толык емес деуим мун екен анасы кайтыс болып отырган коршимди Акадыр кентинен 95 км жерден конвоймен алгызып ол аз болса мен ягни жабирленуши шулатып жатыр деп алып кеткен.Мынадай бассыздыкка кандай шара бар,еки коршинин ортасына от салып ол аз болса дуйим журтты шулатып отыр.Ол азамат танертен 7 ден кешки 8 дейин жумыста ол аз болса сенби жексенби уйнде болады.Каралы уйге барып бассыздык корсетип мынадай маскарага жол берди.Зан кызметкерлери менин куккыгымды аяк асты етип менин намысыма кол салып отыр.Осы шара бойынша маган комек берунизди сураймын
    Жауап күні:
    20 наурыз, 2018 - 20:34
    Жауап:
    Г.О.Рахымжановаға Ақадар кенті, Қыздарбеков көшесі,1үй 4 пәтер Құрметті Гульнар Орикбаевна! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан №183564031000012 санды қылмыстық ісі бойынша жазған арызыңыз іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралған болатын. Анықталғаны, 2018 жылдың 6 қаңтарында Ақадыр кенті Қаздарбеков көшесі бойында орналасқан №1 үй шатырының өртену дерегімен Шет ауданы Ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 202 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша қылмыстық іс басталған. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында анықталғандай, өрттің шығу себебі шатыр ішінде жиналып қалған күл-қоқыс қалдықтарының жылулық энергиясының шоғырлану нәтижесінде туындаған тұтану көзінен пайда болуы мүмкін. Алайда, тергеу барысында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда орналасқан үйдің шатырына күл төккен немесе өрт қойған адам анықталмады. Болған оқиға салдарынан Сізге келтірілген материалдық залалдың 800 000 теңгені құраған. Сондықтан, материалдық залалдың көлеміне сай, қылмыстық істі ҚК-нің 202 бабы 2 бөлігінен ҚК-нің 204 бабы 1 бөлігіне саралау туралы шешім қабылданған. Сонымен қатар, іс құжаттарымен танысу нәтижесі бойынша Сіз қылмыстық қудалау органына өтініш беру арқылы қылмыстық істі ҚК-нің 204 бабы 1 бөлігіне саралау туралы шешіммен келісім білдіргенсіз. Одан бөлек, Шет ауданы ІІБ қызметкерлерінің тарапынан Сіздің ар-ожданыңызға нұқсан келтіріп, құқықтарыңызды бұзу деректері анықталмады. Егерде, осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сізге ҚР-ның «Прокуратура туралы» Заңының 34 бабының және ҚР-ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабының талаптарына сәйкес жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігін түсіндіремін. Аудан прокуроры әділет кеңесшісі Т.Түсіп орынд.Е.Жалмаганбетов тел.8/71031/21-2-35

Беттер