Ағымдағы жылғы каңтар айының 1-ші жұлдызындағы түнде "Древний Рим" мейрамханасында спирттік ішімдіктер тұтынудан кейінгі дау салдарынан клиенттер арасында кикілжің болған

03 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кұрметті азаматтар!

 

Ағымдағы жылғы каңтар айының 1-ші жұлдызындағы түнде "Древний Рим" мейрамханасында спирттік ішімдіктер тұтынудан кейінгі дау салдарынан клиенттер арасында кикілжің болған.

Нәтижесінде 4 ер азамат пышақ жарақатын алып, біреуі  содан қаза болған.

Дәл сол күні қылмыстык қудалау органымен Қылмыстық кодекстің 99 (кісі өлтіру) және 293-баптарымен (бұзақылық) қылмыстық істер қозғалған.

Төрт сезікті анықталып, оның үшеуі ұсталған және біреуіне іздеу жарияланған.

Алайда жекелеген тұлғалар жағдайды тұрақсыздандыруға тырысуда.

Осы тақырыпты желеу ете отырып олар азаматтарды және олардың жақындарын заңсыз әрекеттерге арандатуда. Әлеуметтік желілерде қоғамдық пікірді бұрмалауға бағытталған ұлтаралық кикілжің туралы көрінеу жалған ақпарат таратуда.

Мұндай іс-әрекеттер Конституцияға және мемлекеттің заңдарына қайшы келеді.

Осыған байланысты барлық жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатаң азаматтық позициясын танытуға, арандатушылыққа бой бермеуге шақырамыз.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу максатында, "Прокуратура туралы" Заңның 32-бабын басшылыққа алып, түсіндіремін,

заңсыз митингтерге шақыру, ұйымдастыру және оған қатысу қатаң заң бұзушылықтың белгісі болып табылады, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі (әкімшілік кодекстің 488-бабы және Қылмыстық кодекстің 400-бабы).

Сонымен қатар, әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, Қылмыстық кодекстің 174-бабымен жауапкершілікке әкелетінін түсіндіремін.

Осыған байланысты Сіздерді заңды бұзбауға шақырамын.

Кұқықтық тәртіп органдары барлық бұзушылықтардың алдын алып, тез арада қылмыстық қудалауға дейінгі барлық шараларды қолданатын болады.

 

Қарағанды облысының прокуроры                                                              М.Сексембаев

 

Comments

Add new comment